- Учителю
- Сайыс сабақ 'Зерттелмеген арал' информатика пәнінен 7-сыныптар
Сайыс сабақ 'Зерттелмеген арал' информатика пәнінен 7-сыныптар
«Зерттелмеген арал» сайысы
Тақырыбы: «Информатика - ғасыр талабы» атты интеллектуалдық олимпиада.
Мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру,
шығармашылық ізденістерін арттыру.
б)тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Зерттелмеген арал» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, - дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады.
І-ші топ. «Алғырлар» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
ІІ-ші топ «Тапқырлар» тобы
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
1 - жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ - қазылар алқасын тағайындап алайық.
1.
2.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, - демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай хат жолдапты (алдын-ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске қосылады):
«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!
Қымбатты достар, мен жер шарын аралап жүріп Компландия деген елге бардым, сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық, достар!»
Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.
Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.
-
ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,....)
-
БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,...)
Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау-тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік!
Таулардың тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?
-
Дискіні оқитын құрылғы
-
Алғашқы шоттың грекше аты
-
Ақпараттың өлшем бірлігі
-
Шығару құрылғысы
-
Windows-тың қазақша аудармасы
-
Дүниежүзілік компьютерлік желі
и
с
к
ж
е
т
е
к
Көлдің тапсырмасы: Көлдегі балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында жазылған жұмбақтарды шешу керек.
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)
-
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
-
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
-
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
-
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
-
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Оны есепке алсаң,
Ұзын саны 107 (пернелік тақта)
-
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның.
Бар екен 12 ағайынды,
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің,
Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)
-
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
-
Төрбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
-
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)
Тастардың тапсырмасы: Ребус шешу.
Өзеннің тапсырмасы: Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал ағада тұрған екі қайық әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін информатика пәніне байланысты сөздерді табуымыз керек:
-
ПРОГРАММАЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛЫКОНСТРУКТОР
-
АЛГОРИТМАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ
Батпақты жердің тапсырмасы: екі топқа 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап қайтару керек, «иә» деп ойласаңыз «иә» деген орындыққа, «жоқ» деп ойласаңыз «жоқ» деген орындыққа отыруыңыз керек. Әр топ мүшелері кезекпен жауап береді, яғни кезекпен орындықтарға отырады.
І топқа арналған сұрақтар.
1 - сұрақ: "ІNFORMATION" латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2-сұрақ: Ақпарат тасушы - сигнал болып табыла ма? (иә)
3-сұрақ: Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4-сұрақ: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)
5-сұрақ: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6-сұрақ: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7-сұрақ: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8-сұрақ: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9-сұрақ: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10- сұрақ: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
2 - ші топқа арналған сұрақтар:
1-сұрақ: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
2-сұрақ: ЕNIAC -тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т)
3-сұрақ: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
4-сұрақ: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5-сұрақ: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6-сұрақ: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
7-сұрақ: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
8-сұрақ: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
9-сұрақ: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
10-сұрақ: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)
Орманның тапсырмасы: Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:
І топ ІІ топ
О Р Я Д
ЯДРО
I W D W O S N
WINDOWS
Т ЕФИЙНЕСP
ИНТЕРФЕЙС
R M D D O V
DVDROM
В Р Д Й А Е Р
ДРАЙВЕР
F O I F E C
OFFICE
Р И П Р Н Е Т
ПРИНТЕР
S H C O L O
SCHOOL
Құстардың тапсырмасы:
-
Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: монитор, принтер, сканер, микрофон, дыбыстауыштар, дискеттер.
-
Енгізу құрылғысын дөңгелектеп қорша: пернетақта, микрофон, дискеттер.
-
Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, пернетақта, микрофон, қатқыл диск.
-
Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетіне басып шығарады, астын сыз: принтер, монитор, флэш-карта.
Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар:
-
Компьютердің миы (процессор)
-
Ақпараттың ең кіші өлшемі (бит)
-
Бас әріптерді жазу пернесі (Caps Lock)
-
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
-
Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (сканер)
-
Ақпараттық үрдістерді ата (алу, өңдеу, беру, сақтау)
-
Информатика пәні нені зерттейді? (ақпараттық үрдістерді)
-
Жаңа жолға түсу пернесі (Enter)
-
Антивирус деген не? (вирусты анықтап, емдейтін бағдарлмама)
-
Ақпаратты тасуыштар (дискета, флэш-карта, СD және DVD диск)
Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шықрайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).
Жүргізуші: Осымен бүгінгі интеллектуалдық олимпиадамыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп - көп рахмет.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.