7


  • Учителю
  • Тармақталған алгоритмдер. Тармақталу командасы

Тармақталған алгоритмдер. Тармақталу командасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы:

Тармақталған алгоритмдер, тармақталу командасы

Сілтеме

Информатика 8 сынып

Оқып-үйренудің жалпы мақсаттары:

Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету; тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындау жауапкершілігіне тәрбиелеу; TURBOPASCAL бағдарламасын пайдалана отырып, тармақталған алгоритмдерге есеп шығаруды үйрету

Түйінді идеялар

Тармақталу алгоритміндегі қызметші сөздердің аудармасындағы операторлармен және операторлардың жазылу тәртібімімен таныстыру.

Оқушыларды топтық жұмысқа қатыстыра отырып, тапсырма барысында сыни тұрғыда ойландыру.

Сабақ түрі:

Панорамалық сабақ

Әдіс-тәсілдері:

Жеке, жұптық, топтық жұмыс, "Блум түймедағы"

Оқып үйренудің күтілетін нәтижесі

Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай алады. Бағдарламаны іске қосуды, оның мүмкіндіктерін біледі. Бір-біріне көмектеседі. Тармақталған алгоритм және оны жазудың түрлерін айта біледі. Тармақталу операторына есептер шығаруды үйренеді.

Керекті жабдықтар

Информатика оқулығы, интербелсенді тақта, компьютер, маркер, ақ қағаз, стикер

Бағалау әдістері

Сөзбен бағалау (ауызша), бағалау парақтары, топтық, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушыларды психологиялық дайындау

Амандасу, оқушыларды атауымен бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында "Шаттық шеңбері" тренингін өткізу. Оқушылар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы оқушыға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізімізді білдірейін. Топтың ережесімен таныстыру. Бағалау парағымен таныстыру

Сәлемдесу. Топқа бөліну сабаққа психологиялық жағынан дайындалады. Сабаққа назар аударады. Бағалау парағы әр оқушыға жеке беріледі

Үй жұмысын тексеру. "Блум түймедағы" әдісі

"Блум түймедағы" әдісін қолданып, өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап беріледі, әр оқушы өз жауабын дәлелдейді.

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм қандай түрлері бар?

3. Алгоритм жазылуының неше түрі бар?

4. Программа дегеніміз не?

5. Шамалар нешеге бөлінеді?

6. Тұрақты және айнымалы шама дегеніміз не?

7. Қандай алгоритмдерді сызықтық алгоритм деп атаймыз

8. Оператор дегеніміз не?

9. read қандай оператор?

10. 5 div 2=

Оқушылар түймедақтың гүлдерін таңдап алып, артында жасырылған сұрақтарды оқиды, сұраққа жауап береді. Тапсырманы толық айтса бағалау парағына екі ұпай белгілейді

Жаңа сабақ

Интербелсенді тақтадан өзім дайындаған слайдтарды көрсетемін.

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.

Әрекеттердің мүмкін бағыттарының әрқайсысы тармақ деп аталады, кейбір шарттың орындалуына байланысты әрекеттердің атқарылу реттілігі белгілі бір тармақ бойынша жүруі мүмкін. Мұндай алгоритмдер тармақталған алгоритмдер деп аталады.

Шарт дегеніміз ─«иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым.

Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.

Мысалы, "қар жауса" шартының орындалуына байланысты екі әрекеттің біреуі ғана орындалады.

Тармақталған алгоритмдер. Тармақталу командасы















Шартсыз көшу операторы.

Паскаль тілінде негізінде операторлар ретімен орындалады. Олардың бұл орындлу тәртібін өзгерту үшін көшіру операторы GOTO пайдаланылады. Бұл оператор бойыша, программаны басқару белгісі көрсетілген операторға көшіріледі. Белгі ретінде таңбасыз 1-9999 дейінгі бүтін сан немесе символ пайдаланылады. Әдетте, шартсыз көшіру операторы программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кетуі үшін пайдаланылады. Көшіру операторы қарапайым оператор қатарына жатады.

Мысалы:

GOTO 34

10: А:=2

34: У:=Х/Z

Мұнда GOTO 34 операторынан соң 34 белгісі бар оператор орындалады, ал жол басындағы 10, 34 бұлар белгілер.

Шартты көшу операторы.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then - онда , else - әйтпесе.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;

Тармақталудың орындалу түрлері:Тармақталу командасы:

а) толық пішіні:

егер шарт

онда 1 серия

әйтпесе 2серия







ә) қысқартылған түрі

егер шарт

онда серия

әйтпесе

Шартты оператор:

If шарт then begin

1-серия

end

else begin

2-серия

end;



Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:



Және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар құрама шарттар деп аталады. Логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.

Pascal тілінде логикалық операцияларды енгізейік:



және

немесе

емес

and

or

not



Мысал:

Алг ЕСҮТ(арг нақ А,В, нәт лит max)

басы

енгізу А,В

егер А>B

онда max:=A

әйтпесе max: =В

бітті

шығару max

Соңы

Жауабы:

Program ECYT;

Var a,b,y:real;

begin

readln(a,b);

if a>b then y:=a else y:=b;

writeln('y=',y);

end.

2 мысал:

Program esep2;

var a,b,c,d:real;

begin

writeln('a,b,c engis');

readln(a,b,c);

D:=sqr(b)-4*a*c

If d>0 then begin x1:=(-b+sqrt(d))/2*a;

x2:=(-b-sqrt(d))/(2*a)');

Writeln('x1=',x1:4:2); Writeln('x2=',x2:4:2);

end;

Else if D=0 then begin x:=-b/2*a;

end.



Оқушылар слайдтарды зейін қойып тыңдап, қарайды.

Түсіну, білу

Оқулықпен жұмыс. Информатикалық диктант.

Әрекеттердің мүмкін бағыттарының әрқайсысы тармақ деп аталады. Кейбір шарттың орындалуына байланысты әрекеттердің атқарылу реттілігі белгілі бір тармақ бойынша жүруі мүмкін. Мұндай алгоритмдер тармақталған деп аталады.

Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.

Егер if сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса, then сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, ал, шарт сақталмаса else сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады.



Оқушылар интербелсенді тақтадан көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, оқулықтан қарап қояды.

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтадан сергіту сәтінің тұсаукесерін көрсетемін.

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Қолдану

Пратикалық жұмыс

Екі топқа екі есептен беріледі.

1-есеп.

Берілген х саны х>0-ге тең болса, онда х-ті екіге арттыр, әйтпесе х-ті екі еселеу программасын жазыңдар.

PROGRAM esep1 ;

VAR x,y: real;

Begin

readln(x);

if x>0 THEN y:=x+2 else y:=2*x;

writeln('y=',y');

end.

2-есеп.

А саны берілген. Осы санның жұп не тақ екенін анықтайтын программа құр

PROGRAM esep2 ;

VAR a: integer;

Begin

readln(a);

if a mod2=0 THEN writeln('a-жұп');

else writeln('a-тақ');

end.



3-есеп.

Үш сан А,В,С берілген. Егер А<В <С теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін табу программасын жазыңдар.

PROGRAM esep3 ;

VAR a,b,c,y: real;

Begin

readln(x);

if A THEN y:=A+B+C else y:=A*B*C;

writeln('y=',y');

end.

4-есеп.

Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз

Жауабы:

PROGRAM esep4 ;

VAR a: real;

Begin

Write(' a-ны енгиз');

read(a);

if a>=0 THEN write('a он сан') else write('а терис сан');

end.

Оқушылар есепті компьютерде орындайды.

Қорытынды

Рефлекция кері байланыс

"Кері байланыс" әдістерінің бірі "Білім сатысы" әдісі

Сабақтан алған әсерлерімен ұсыныстарын стикерге жазу

I саты

Мен... дұрыс түсінбедім.

II саты

Мен,...түсіндім, бірақ әлі ізденемін.

III саты

Мен жасай алдым, менде бәрі жақсы болады.

Бағалау

Алдарындағы бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

Әр оқушы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды.

Үйге тапсырма беру



Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал