- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Күрделі кестелері құру
Сабақтың тақырыбы: Күрделі кестелері құру
Сабақтың тақырыбы: Күрделі кестелері құру
Сабақтың мақсаты: Web-беттерді құру бойынша білімдерін кеңейту,
тегтерді пайдалану арқылы күрделі кестелер құруды үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: HTMLтілінде кесте тегтерінің қызметін пайдалана отырып,
күрделі кестелерді құруды және рәсімдеуді үйрету.
Дамытушылық: Компьютердің бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, әсемдікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру
Қолданылатын технологиялар: АКТ, СТО
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сөздік (түсіндіру, сұрақ-жауап)
Практикалық (компьютерде тапсырмалар орындау, демонстрациялау)
Сабақтың жабдықтары: ДК, проектор, слайдтар, Net Control 2
бағдарламасы
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау. Смайликтер
таңдату арқылы,оқушыларды жұпқа бөлу, компьютердегі смайликтер
бойынша орналастыру .
ІІ. Жаңа материалды игеру
А) Оқушыларға екі кесте түрін бере отырып, оларды салыстырту
арқылы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
Жай кесте Күрделі кесте
Сайттың атауы
Баннер
Сілтеме Беттің мазмұны
Сілтеме
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
(Мүмкін жауаптары айтылады).
- Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын жазады.
- Онда бүгін нені үйренеді екенбіз? (Мүмкін жауаптары айтылады).
Ә) Жаңа материалды демонстрациялау арқылы түсіндіре отырып,
практикалық жұмысты орындату және кұрделі кестені құру.
- Өткен сабақта құрған жай кестелеріңізді блокнотта ашыңыздар.
- Бұл кестеде бізге неше жол, неше баған берілген?
- Бірінші жолдың екі ұяшығын біріктірейік. Ол үшін бірінші ұяшықтың
басына барып, сол тегтің ішіне көлденеңнен ұяшықтарды біріктіретін
colspan атрибутын жазамыз.
- Дәл осы бірізділікпен екінші жолдың екі ұяшығын біріктіреміз.
- Үшінші, төртінші жолдардың екінші ұяшықтарын тігінен бағандарын
біріктіру үшін rowspan атрибутын жазамыз.
- Біздің кестеміздің ені қанша еді? Енді үшінші, төртінші жолдардың
бірінші ұяшықтарын енін жалпы кестенің енінен ірірек қыламыз.
- Навигация тақтасын құруды үйренейік. Ол үшін біздер сілтемені
қолданамыз. Навигация тақтасы деп отырғанымыз - навигация
тақтасында құрылған сөздер арқылы бір беттен қажетті бетке өтуді
жүзеге асыратын гиперсілтемелер. Яғни біздің жағдайда кестеміздің
сол жағында орналасқан сөздерімізді шерткенде, кестенің оң жағына
бос ұяшыққа сол туралы мәлімет шығуы керек.
- Оны құру үшін үшінші, төртінші жолдардың бірінші ұяшықтарына
арнап Web-беттер құрып аламыз.
- Енді біздерге сілтеме қажет. Сілтеме құру үшін қандай тег пен
атрибут қолданатын едік? Кесте деп құрған Web-бетке барамыз. Сол
Web-беттің үшінші жолдың бірінші ұяшығына сілтеме тегін
орнатамыз.
- Дәл осы бірізділікпен төртінші жолдың бірінші ұяшығына да
орындаймыз.
- Осы бетке құрған сілтемелерді қалған екі бетке орнатамыз.
- Енді біздегі кесте деген Web-бетіндегі үшінші жолдың екінші
ұяшығы деген сөзді алып тастаймыз, ал қалған Web-беттерге өздеріне
тиісті мәтіндерін орналастырамыз. Яғни навигация тақтасындағы әр
сөзді шерткенде тиісті мәтінді шығарамыз.
ІІІ. Бекіту
Әр жұпқа жеке-жеке тапсырма беру. Қажет материалдар папкілерге
жинақталып, компьютердің жұмыс үстеліне орналастырылған, соны
пайдаланып өздеріңізге берілген тапсырманы орындайсыңдар.
1-жұп: «Қазақ жұлдыздары» сайтын құру
2-жұп: «Гимназия - алтын ұям» сайтын құру
3-жұп: «Шетелге саяхат» сайтын құру
4-жұп: «Бәрі де авто туралы...» сайтын құру
5-жұп: «Компьютер әлемінде» сайтын құру
Оқушылардың жұмысын мұғалім Net Control 2 бағдарламасы арқылы
бақылап отырады және көмекті қажет ететін оқушыларға көмек
береді.
7 минуттан кейін оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды.
IV. Қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы жай кесте мен күрделі кестелерді
салыстыру.
Ұқсастығы
Жай кесте Ұқсастығы Күрделі кесте
Баған, жол, жиектерден. Кесте, жол, баған, жиек, төртбұрыш, жазуға
болады. Ұяшықтардың көлемі әр түрлі, ұяшықтар саны аздау, сілтеме
орнатылған, жолдағы ұяшықтар біріктірілген, бағандағы ұяшықтар
біріктірілген, ұяшықтарда обьектілер орналасқан.
V. Үйге тапсырма
Кесте құруда пайдаланылған тегтер мен атрибуттарды қайталау.
Web-бетке келесі тақырыптарды дайындау:
1. Сүйікті әуендеріңіз
2. Бейнетаспа
VI. Бағалау
Жұптардың орындаған жұмыстарын бағалау.