- Учителю
- 9- КЛАСТА АЛГЕБРА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ
9- КЛАСТА АЛГЕБРА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ
9- класта алгебра және информатика пәндерін кіріктіріп оқыту
Кузембаева Айгерим Жасаганбергеновна
№51 гимназия информатика пәні мұғалімі
Қазіргі заманғы мектепте көптеген инновациялық педагогикалық технологиялар қолданылады, олардың ең келешегі зоры - компьютерлік технология. Бұл қазіргі өзгеріске ұшыраған орта білім беру мақсаттарының оқыту әдістеріне, құралдары мен түрлеріне сай келеді. Оның үстіне программалық оқыту идеясын дамытады, қазіргі компьютерлердің тіптен жаңа, әлі де зерттелмеген бірегей мүмкіндіктерін ашады. Оларды белсенді қолдану мектеп курсы шеңберінде әр түрлі пәндер бойынша кіріктірілген сабақтар өткізуге мүмкіндік береді.
Оқу пәндерін кіріктіріп оқыту келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
-
неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;
-
кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
-
оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге;
-
жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-
оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға.
-
сабақтың білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;
-
сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі;
-
бір пән арқылы екінші пәнге деген қызығушылықты арттыруға;
Пәндерді кіріктіру сабақты күшейте түсуде тиімді құрал болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану - заман талабы болғандықтан математиканы информатика пәнімен кіріктіріп оқыту оқушылардың шығармашылықпен айналысуына көптеген септігін тигізері сөзсіз.
Осы ретте информатика пәнінен 9-класта Паскаль тілінде программалауға үйрету жоспарланғандығын ескеріп алгебра пәнімен кіріктіру жасау оқушылардың математикалық және ақпараттық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Паскаль тілінде програмалауды үйренуге қызығушылық оқушыдан алгебра пәнінен білімінің болуын қажет ететіндіктен көптеген формулаларды есте сақтау автоматты түрде жүзеге асырылады.
Мысалға, «Қайталау операторларына есептер шығару» тақырыбына тоқталсам. Паскаль тілінің қайталау (White, Repeat, For) операторларын пайдалана отырып, алгебра есептерін шығартуда оқушыларға берілген есептің шартына қарай талдау жасауды, цикл командасын және циклді ұйымдастыру принциптері туралы ұғымын қалыптастырған дұрыс.
Информатика және алгебра пәндерінің сабақтастығын ескеріп жыл басында аталған пәндер бойынша күнделікті жоспарды сәйкестендіріп құруға баса назар аудару керек. Мұғалімдер пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, кіріктірілген жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асыру уақытты ұтымды пайдалануға, оқушының жан- жақты білім алуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың алгоритмдік ой-өрістерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамытуды басты назарда ұстаған абзал.
Ондағы мақсат:
-
Программалауды жетік меңгерту, пәнге деген қызығушылығы арттыру;
-
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;
-
Оқытудың сапасын арттыру;
-
Дифференциялдап оқытуға көшу.
1 есепті шығару шарты: есепті талдау және программасын компьютерде орындау.
№1 есеп: 1,2,3,..., 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін және программасын құру. Соңғы шарттаы циклді пайдаланып, жауабын алу керек.
Program kosyndy;
Var x,y,s:integer;
Begin
X:=1; s:=0;
While x<=15 do
Begin
Y;=sqr(x);
S:=s+y;
X:=x+2;
End;
Writeln ("s=",s);
End.
Егер бұдан соң, RUN директивасын орындасақ, дисплей экранында сұрақ белгісі шығады. Одан кейін берілген айнымалыға жаңа мән беруге болады. Бұл процесті шексіз жалғастыра беруге болады.
Есептердің программасын құруда ең алдымен математикалық есептің қай тақырыпқа негізделгенін, қандай формуламен шығарылатынына назар аудару керек. Компьютердің көмегімен математика есептерін шешудің мәселелері мектеп оқушыларының түсініктерінің жаңа деңгейде көтерілуін, мағлұматтарды меңгеруге ықпал етіп, әдістер мен идеяларды қалыптастыруға бағыттайды.
Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірлген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдерімін түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Қорыта келгенде, информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барсыныда жан-жақты қолдана алады. Информатиканың маңызды ерекшелігі - оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда және тағы басқа орындарда қолданылуы. Информатика көптеген нақтыаралық процестердің, технологиялардың барлығына ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың объектісі болып табылады.
Кіріктіру тәсілі соңғы кезде батыста өріс алып келе жатқан бағытталған жобалық оқыту тәсілімен қатар білім беру ісінің белгілі бір тобын құрайды. Көптеген елдер пәндерді интеграциялау, яғни біріктіріп оқыту жолымен жүргізіп келеді. Сонымен интеграция не береді дейтін болсақ, ол мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді деп айта аламыз:
-
Педагогтардың бір-бірімен тығыз байланыста болуы;
-
Жеке шығармашылық ізденісте екпінді ету мүмкіндігі;
-
Оқушылар үшін әлемнің біртұтастығы, пәндердің байланыстығы жайлы ұғымды қалыптастыру.
Әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, №332-333. 5-б.
-
Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. - Алматы: Білім, 2005. - 32-33 б.
-
Көбесов А. Орта мектепте математиканы оқыту методикасы. Алматы: Қазақ университеті, 1989. - 86 б.
-
Есмаханов Ә. Ақпараттық технология және кіріктірілген сабақтар // Қазақстан мектебі, 2010, №1. 10-12 б.
-
Математика және физика [№51 38бет]
-
Алгорифм [№36 22 бет]
-
Информатика негіздері [№38 27 бет]
-
Информатика негіздері [№62 34-35 бет]
-
Информатика негіздері [№28 2 бет]
-
Математика және физика [№51 38бет]
-
Алгорифм [№36 22 бет]
-
Интернет сайттары