7


  • Учителю
  • PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану


Мақсаты: PowerPoint бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы оқушылардың білімін жүйелеу.


Оқыту нәтижесі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын жетілдіружәне патриоттыққа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, компьютермен жұмыс жұптық, топтық жұмыс, техникалық диктант, рефлексия , кері байланыс , формативті бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Түрлі-түсті қағаздан жасалған қызғалдақ гүлі арқылы топқа бөлу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    а) Оқушыларды түгелдеу.
    Қазір мен сендерге түрлі түсті қызғалдақ гүлін ұсынғым кеп тұр. Ұнатқан түстеріңе қарай таңдап аласыңдар. Топқа түстер психологиясы бойынша бөлу және сипаттама беремін.
    Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін, жеңіске, оқуға деген құлшынысын білдіреді.
    Сары түс - қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді.
    Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлілікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтеді.


Оқушылар сабаққа келгендегі көңіл - күйін
смайлик арқылы білдіреді.
Оқушылар гүлдің түсіне қарай 3 топқа бөлінді.


  1. 2.Қызығушылықты ояту.
    Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз MS PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерімізді тереңдету, мақсатында ертегі-саяхат сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.
    Миға шабуыл.
    Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Access, Outlook және PowerPoint. Солардың ішіндегі үлкені PowerPoint 18 жасқа толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа қөрсету үшін жолға шығады. Оның алға қойған мақсатына жетуі үшін біз мына сұрақтарға жауап берелік.


1. MS PowerPoint-ты іске қосу әрекеті. ( Бастау Бағдарламалар Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз.)
2. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата. Қызметі қандай?
3. PowerPoint тың негізгі міндеті қандай? Ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

4. MS PowerPoint қандай программа? ( Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы)

5. Файлдар кеңейтілімі. (Нысанға жан бітіру программасы (. ppt))


Енді біз PowerPoint-қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына PowerPoint терезесінің элементтерін жазайық.


3 топқа 3 тапсырма беріледі. «Менің сыныбым», «Менің Қазақстаным», « Менің отбасым» .Топқа таймпикер, дизайнер, баяндаушы қызметтерін түсіндіріп өтемін.
Оқушылар өздері ақылдасып, бірауыздан критерий құрады. Содан соң компьютерде презентация құрады. Оқушылар топ боп ақылдасып, қызметтерін бөлісіп алып, жұп және топ болып тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті. Көз талғанда және шаршағанда жасалатын жаттығулар.

Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек. 2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз. 3. Көздің қарашығымен ауада "8" санын саламыз Оқушылар ілесіп, орындайды Оқушылар компьютерде жасаған презентациясын топ баяндамашы қорғайды. Жұмыстарын көрсетеді.


Техникалық диктант

1 топ: MS Power Point - көрмелерді әзірлеуге арналған.......... бағдарламасы.

Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:
Бастау - Бас мәзір -..................... - MS Power Point


2-топ: Көрмені сақтау үшін............. мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде................. әмірін таңдаңыз, ашылған.................... терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауы енгізіп,.................... батырмасын шертіңіз.


3 - топ. MS Power Point - тың негізгі міндеті - ақпаратты................. және...................... тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді................,.................. және................

Денгейлік тапсырмалар

А оқушы

1.MS PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?
2. PowerPoint көрмесі деген не?
3. Көрме неден құралады?
4. Кәдімгі PowerPoint көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.
5. PowerPoint бағдарламасы қалай іске қосылады?
6. PowerPoint көрмесіне жаңа слайдты қалай үстеуге болады?
7. PowerPoint көрмесін қалай сақтауға болады?
8. Слайдтардың жекелеген нысандары жан бітірімі қалай бапталады?
9. Слайдтағы мәтінді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
10. Жасалған нысандарды қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?

В оқушы

1. Power Point дегеніміз не?
а) көрмелерді әзірлеуге арналған MS Office қолданбалы программасы.
б) компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама.
в) кестелік түрдегі деректерді өндеу кезінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғы.
г) кодтық кестелерді өндеуге арналған қолданбалы программа.
2. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды көрсетуге бастау әмірін қай батырма орындайды.
а) F5
б) F7
в) F3
г) F4

4. Power Point көрмесі дегеніміз не?
а) компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы
б) слайдтар көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы.
в) электрондық кестені өндеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
г) кескіндер, көркем суреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат
5. Бір файлға жиналған слайдтар нені құрайды?
а) кадрлар
б) суреттер
в) көрме
г) көрсетілім
6. Power Point не үшін қажет
а) Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау
б) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін артыру мақсатымен кестелер жасау
в) Сызбалық мысалдарды бар мәтіндік құжаттар жасау
г) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау Тиімділігін артыруға арналған көрмелерді жасау

С оқушы

1. MS Power Point бағдарламасын қос.

2. Формат-Фон командаларын орындап, бетке түс таңдау.

3. Зоголовок слайда жазуының орнына ПИРАМИДА сөзін жаз.


Оқушылар рефлексия жазады.:


  1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.

  2. Практикалық жұмыста презентация жасау сізге қиындық тудырдыма?

  3. Бүгінгі сабақта өзіңізге қандай баға қоясыз?

  4. Жалпы сабақ ұнадыма.

  5. Не қызықты болды.


Кері байланыс: БҮҮ стикер таратамын.


Формативті бағалау. Белгілі бір критерий бойынша әр топ бір-бірін бағалайды.



















№4 Тілеміс батыр орта мектебі

Ашық сабақ


PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану


Сыныбы: 8 «а»

Мұғалім: Абдувалиева Г.Н.

2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал