7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Компьютерлік ақпаратты қорғау' 8 - сынып

Сабақ жоспары 'Компьютерлік ақпаратты қорғау' 8 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:___________

Күні: _____________

Сабақтың тақырыбы:Компьютерлік ақпаратты қорғау. Архивтеу бағдарламалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәлімет.

Сабақтың мақсаты: КОМПЬЮТЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ. Архивтеу бағдарламалары. Файлдарды архивтеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Білімділік Оқушылардың компьютерлік ақпаратты қорғау. Архивтеу бағдарламалары. Файлдарды архивтеу туралы қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жүзшс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонетрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, окулық, практикалық жұмыстар, тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

5. Үйгетапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерлік вирус - "көбейтілуге" және басқа програмаларға "жұғуға" қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200 ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге "зақымдалған" дискета немесе "зақымдалған" файл аркылы түседі. Ішінде вирусы бар программа "зақымдалған" деп аталады. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін кызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Қазіргі кезде 50-мыңнан астам вирус бар. Олар мынадай кластарға бөлінеді:

Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, файлдық, жүктейтін.

Зақымдау әдісі бойынша: Резиденттік, резиденттік емес.

Мүмкіндігі бойынша: Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті болып бөлінеді.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады.

. Ең кең таралған полифагтар Аіdstest: жасаушысы - ДЛозинский, Skaп, Nortoп Аntі Virus және Doctor Wер жасаушысы- И.Данилов программалары болып табылады.

Архивтеу программалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер

Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады

Ақпаратты сығу - файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.

Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан түрады.

Архивтік файл - арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жүмысының принципі файлда "артық" ("асып төгілген") ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі - бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды керсетейік.

Кең тараған ARJ, RАR, РКРАК, РАК, WINZІР архивтеушілері Лемпел-Зивтің апгоритмінің негізінде жүмыс істейді. Бүл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар үқсас жолдарға нүсқаушымен ауыстырылады.

Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады. Том - бұл көп томды архивтің қүраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден қүрастыра отырьш оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

Бір архивтеу немесе қаптаудың - алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.

Архивтен алу -бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру дроцесі.

Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.


Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: практикалық жұмыс.

Тапсырма

  1. Drweb - ехе файлы арқылы Doctor Web программасын іске қосындар.

  2. Іске қосылғаннан кейін Doctor Web программасы компьютердің жедел жадын автоматты түрде тестілейді.

  3. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

  4. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

  5. Ақпаратты компьютерлік вирустардан корғау шараларын атап шығындар.

  6. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

  7. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

  8. Архивтік файл дегеніміз не?

  9. Қандай архивтер көп томды деп аталады?

  10. Архивтен алу дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру: тақырыпты толықтай меңгеріп оқып келу.(МАЗМҰНДАУ).

Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал