7


  • Учителю
  • Конспекты по казахскому языку на тему 'Жасанды интеллект. '

Конспекты по казахскому языку на тему 'Жасанды интеллект. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 


Тақырыбы:


• Жасанды интеллект

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

• Жасанды интеллект туралы жалпы ақпарат

Жаңа түсінік

• Жасанды интеллект деген не? Жасанды интеллект адамзатқа қандай пайда әкеледі. Өмірде күрделі ақпараттық жүйелерді көргенде ол жасанды интеллект екенін біліп түсіну.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Жасанды интеллект жүйелерін күнделікті өмірде пайдалана білу. Олардың кемшіліктерін түсіну.

Талдау әрекеті

• Ақпаратты жүйелерді салыстыру. Мысалы, сараптама жүйесі және жасанды интеллект айырмашылығы қандай? Күнделікті пайдаланатын жасанды интеллект жүйесін табу және оны талдау.

Шығармашылық әрекет

• Жасанды интеллект жүйелері өндірісте қалай пайдаланатыны туралы эссе жазу.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Сұрақтарға жауап беру.

• Жасанды интеллект жүйелерінің мемлекет немесе өндіріс дамуындағы атқаратын рөлінің маңызын талқылау.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (7 мин.).

Сабақ типі:


• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:


• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


•Жасанды интеллект, жасанды интеллект жүйелері, жасанды интеллект салалары

Оқушыда дағды қалыптастыру:


  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:


1.

2.

3.


Оқушы жетістігін бағалау:


Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.


Үй тапсырмасы:


• Amazon.com, youtube.com, facebook.com және басқа белгілі жүйелерде жасанды интеллект қалай пайдаланады? Неге осы жүйелерге жасанды интеллект қажет?


• Компьютерлік ойындарда жасанды интеллект не үшін қолданылады? Мысал келтір.


САБАҚ БЛОКТАРЫ 



і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

1. Жасанды интеллект

2. Белгілі жасанды интеллект жүйелері

3. Жасанды интеллект компоненттерін талдау

Слайдтар:

1-слайд

Титул


2-слайд Жасанды интеллект

  • Компьютерлік ғылымдардың ақылды ақпараттық жүйелер және ақылды бағдарламалар жасау мүмкіндігін зерттейтін сала


3-слайд Белгілі жасанды интеллект жүйелері

  • Deep Blue шахматтық суперкомпьютер

  • 1997 жылы Гарри Каспаровты (шахматтан әлем чемпионы) ұтты

4-слайд Белгілі жасанды интеллект жүйелері

  • IBM Watson - IBM компаниясынын суперкомпьютері

  • Watson адам тілін түсініп сұрақтарға жауап береді

  • 2011 жылдың ақпан айында Jeopardy (Своя Игра-ға ұқсас шоу) жеңіп шықты

5-слайд Белгілі жасанды интеллект жүйелері

  • Youtube.com, amazon.com сайттарының ұсыныс жасау жүйелері

6-слайд Белгілі жасанды интеллект жүйелері

  • Мәтін аудару жүйелері

  • Компьютерлік лингвистика


7-слайд Жасанды интеллект

  • Белгілі жасанды интеллект жүйелеріне қарап біз қандай қорытынды жасай аламыз?

  • Жасанды интеллект көптеген салаларда пайдаланылады

  • Әр ЖИ салаға байланысты ерекшеліктерден тұрады

  • Дегенмен барлық ЖИ жүйелері бірыңғай мәселелерді шешу арқылы жасалады


8-слайд ЖИ жасау

ЖИ жасағанда келесі мәселелерге шешім табу қажет:

  • Ойлау қабілеті

  • Білім

  • Жоспарлау

  • Үйрену

  • Коммуникация

  • Заттарды қозғау


9-слайд Ойлау қабілеті

  • Ойлау қабілеті дедукция және логикалық қорытынды жасау арқылы іске асырылады

  • Ықтимал теориясы, статистика, логика пайдаланады

  • Мысалы:

    • Адамдар ажалды

    • Сократ адам

    • Сондықтан Сократ ажалды


10-слайд Білім

  • Білімді компьютер ішінде қалай сақтау керек және көрсету керек?

  • Бұл өте маңызды мәселе өйткені көптеген ЖИ жүйелері үлкен ақпарат көлемдерімен жұмыс атқарады

  • ЖИ жүйелері заттарды, олардың сипаттамаларын, категорияларды және де заттар арасындағы қатынастарды көрсету керек

  • Көбінесе онтология және де соңғы кезде семантикалық желілер пайдаланылады


11-слайд Білім

  • Онтология білімді тұжырымдама жиынтығы ретінде көрсетеді


12-слайд Жоспарлау

  • Ақылды жүйелерде мақсат қойып оларға жету қабілеті болуы қажет

  • Олар болашақты болжап өздерінің іс-әрекеттері қоршаған ортаға қалай әсер ететінін білуі керек


13-слайд Жоспарлау

  • Іздеу алгоритмдері пайдаланылады

  • Мақсат алдын ала белгіленеді

14-слайд Үйрену

  • Белгілі білімнен жаңа білім алу процесі

  • Екі белгілі алгоритм бар

    • Бақылаулы оқу

    • Бақылаусыз оқу

  • Мысалы, біз қолмен жазылған сандарды компьютер арқылы танитын ЖИ жүйесін жасауымыз керек


15-слайд Үйрену

  • Бақылаулы оқу алгоритмі

    • Бағдарламаға үйрену үшін белгіленген деректерді береміз және олардың қай санға жататынын белгілейміз

    • Яғни,

16-слайд Үйрену

  • Бақылаулы оқу алгоритмі

    • Содан сон алгоритмге басқа деректерді береміз және де оларға жауапты бермейміз

    • Алгоритм алдында көрген білім арқылы жаңа сандарды таңдау керек


17-слайд Үйрену

  • Бақылаусыз алгоритмге үйренуге ақпарат берілмейді

  • Берілген ақпаратты пайдаланып алгоритм өзі қорытынды жасайды

    • Мысалы ұқсас сандарды бір топқа қалыптастырады


18-слайд Жасанды интеллект салалары

  • Автоматты жоспарлау және кесте жасау жүйелері

  • Компьютерлік лингвистика

  • Робототехника

  • Компьютерлік көру


19-слайд Жасанды интеллектті бағалау

  • Алан Тьюринг тесті арқылы компьютерлік жүйенің ақылдығын бағалауға болады

  • С және B - адамдар

  • А - компьютерлік бағдарлама

  • С компьютерлік желі арқылы А және

В мен сөйлеседі

  • С қайсысы адам қайсысы бағдарлама

екенін білмейді

  • Соңында С адамды және бағдарламаны табу керек

  • Егер А-ны адам десе бағдарлама ақылды болып саналады

Қазіргі кезде бір де бір жүйе бұл тестті сәтті өткен жоқ



іі. алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ііі. құзырлылық қалыптастыру

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Жасанды интеллектпен сараптама жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?

2. Күнделікті қандай ақпараттық жүйелермен пайдаланасың? Бұл жүйелерде жасанды интеллект бар ма?

3. Адамның білім алу процесі жасанды интеллект үйрену процесіне ұқсай ма? Адам бақылаулы немесе бақылаусыз оқу моделін қолдана ма?

4. "Я Робот" атты фильмде (http://www.imdb.com/title/tt0343818/) ВИКИ деген жасанды интеллект жүйесі адамдардың көзін құртуға жол алады. Сенің ойыңша адамдардан тәуелсіз ойлап адамдарға қарсы шешім қабылдайтын жүйе жасау мүмкін бе?


ІІ деңгей тапсырмалары

1. Жасанды интеллект ойындарда және компьютерлік графикада қалай пайдаланады?

2. Жасанды интеллект мысалдары неге 1970 жылдары көп болмады?


ІІІ деңгей тапсырмалары

Алматы

Өскемен

Семей

Шымкент

Астана

Ақтау

Петропавл

3000

3400

1000

800

800

200

900

3000

1200

Сізге жоғарыдағыдай автокөлік жолдар картасы берілген. Сызық үстіндегі сан екі қаланың арасындағы қашықтықты білдіреді (бұл қашықтықтар шындықтан алыс болуы мүмкін, оған назар аудармаңыздар). Осы білімді қандай түрде компьютерге беру абзал? Бұл картаны кесте түрінде көрсет.



іV. шығармашылық әрекет



 Топтық жұмыс.

1. Жоғары да көрсетілген жол картасы бойынша Шымкент пен Петропавл арасындағы ең қысқа жолды тап.

2. Адам бетін таңу жүйесінің басты компонеттерін талқыла ().

V. бағамдау-бағалау

 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал