7


  • Учителю
  • Мәтінді ерекшелеу және пішімдеу

Мәтінді ерекшелеу және пішімдеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу

Сабақтың мақсаты: берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: шрифті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын.

Оқушылар үйренуі тиіс: мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: дербес компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

• Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады? (азатжол белгісі)

• Оны өшіруге бола ма?

• Жаңа азатжолды қалай қосамыз?

• Жаңа жол қалай қосылады?

• Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады?

Тест арқылы білімдерін тексеру.

1. Ctrl+C пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

*А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

В. Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

С. Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру

Д. Құжатты дискіге көшіру

2. «Вырезать» батырмасының қызметі:

А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

В. Құжатты алмасу буферіне жылжыту

*С. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту

Д. Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру

3. Символдар.... анықталған жерге енгізіледі?

А. Алдыңғы символдың орнымен

В. Кез келген

С. Адреспен

*Д. Курсордың орнымен

4. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?

А. Мәтіннің бөлігін жою

В. Мәтіннің бөлігін жылжыту

*С. Мәтінді сақтау

Д. Мәтін бөлігін көшіру

5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс

А. Ақпаратты сақтау

В. Ақпаратты жөнелту

С. Ақпаратты өңдеу

*Д. Ақпаратты алу

ІІІ. Білімді өзектендіру.

  • Мәтіннің қай элементі минималды болып табылады?

  • Абзац (азат жол) дегеніміз не?

  • Абзацта мәтін болмауы мүмкін бе?

  • Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз?

  • Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай?

  • Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Пішімдеуге арналған жолақтағы батырмаларды қарау. Әртүрлі өлшемде, әртүрлі түсте терілген құжаттарды қарап шығу. Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріп өлшемін 14 және Times New Roman-ды қолдану ұсынылады. Мәтіндерді ерекшелеуде түстерді, ерекше белгілерді артық қоюмен әуестенбеу керектігін ескерту қажет. Бұл негізгі мазмұнды түсінуге кедергі келтіреді. Параграф мәтінін қарап шығып, абзацтарды қандай шегіністер мен теңестірулер қолданылғанын қарастыру.

Қалай ойлайсыңдар, мәтінде шегіністер үшін бос орынды пайдаланған дұрыс па?

Сұрақ қою арқылы тәжірибелік тапсырманы орындау жүргізіледі.

Таңбаланған тізімді қай кезде пайдаланған дұрыс? Бірінші жолдың шегінісі теріс бола ала ма? Қай кезде жолдың бөлінісін пайдалануға болады?

V. Бекіту: Таңдалған деңгейлер бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау, бақылау сұрақтарына жауап беру.

VІ Сабақты қорытындылау: Тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы: Бақылау сұрақтарына жауап беру. Тәжірибелік жұмысты аяқтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал