- Учителю
- Сабақтың тақырыбы Ақпараттық жүйенің ұғымы. Жасанды интеллектінің (ЖИ) жүйелері
Сабақтың тақырыбы Ақпараттық жүйенің ұғымы. Жасанды интеллектінің (ЖИ) жүйелері
Пән аты: Информатика
Сыныбы 11
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық жүйенің ұғымы. Жасанды интеллектінің (ЖИ) жүйелері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С.
Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов
Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Жаңа сабақ
Жүйе дегеніміз - бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін үстеу оның құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді . Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міңдеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді.Олар проблемаларды талдауға және жаңа өнімдерді жасауға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе - алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскер-лердің өзара байланысты жиынтығы.
Кез келген мақсаттағы ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерістерін шартты түрде мынадай блоктардан тұратын схема түрінде ұғынуға болады:
сыртқы немесе ішкі қайнар көздерден ақпаратты еңгізу,
түсетін ақпаратты өңдеу және оны оңтайлы түрде беру,
тұтынушыларға ұсыныу немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару,
кері байланыс - бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұйым адамдарымен қайта өңделген ақпарат.
А
1 - сурет. Ақпараттық жүйедегі үдерістер
Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады :
-
кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, олар жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылды,
-
ақпараттық жүйе серпінді және қарқынды дамуда,
-
ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелілік тәсілді қолдану қажет,
-
ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде шешімдер қабылданады,
-
ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.
Содан кейін 1- суреттің схемасы бойынша ақпараттық жүйенің құрылымын анықтаймыз. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану жүйесіне тәуелді емес қосалқы жүйелердің жиынтығы ретінде қарауға болады. Ақпараттық жүйені енгізгеннен нені күтуге болады дегенқорытынды жасаймыз. Ақпараттық жүйелерді енгізу мыналарға жәрдемдеседі:
-
математикалық әдістерді және интеллектуалды жүйелерді енгізу есебінен басқарушылық міндеттерді шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын алу;
2 - сурет. Қамтамасыз етуші қосалқы жүйелердің жиынтығы ретінде ақпараттық жүйенің құрылымы
-
автоматтандыру есебінен жұмыскерлерді ескішіл көзқарастан арылту;
-
ақпараттық дұрыстығын қаматамысз ету;
-
қағазға жазылатындарды магниттік дискілерге немесе таспалараға ауыстыру, бұл ақпаратты компьютерде өңдеуді неғұрлым ұтымды ұйымдастыруға және қағаздағы құжаттар көлемінің азаюына көмектеседі.
-
Фирмада ақпарат ағынының құрылымы мен құжат айналымы жүйесін жетілдіру;
-
Өнімдер өндіру мен қызмет көрсетуге кететін шығындарды азайту;
-
Тұтынушыларға оңтайлы қызмет ұсыну ;
-
Сатып алушылар мен жеткізушылерге әртүрлі жеңілдіктер мен қызмет көрсетулер есебінен оларды фирмаға тарту.
Жасанды интеллект - бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды.
Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
-
Медициналық диагностика ,оқу, кеңес беру,
-
ЖИ-ді жобалау.
-
Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.
-
Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау.
-
Өте үлкен интегральды схемаларды жобалау.
-
Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.
-
Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.
-
Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.
ІХ. Үйге тапсырма: 1.3 - 1.4 -тақырыптар, 1.5 - тақырыптар ( «Сараптама жүелеріне» дейін).
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.