7


  • Учителю
  • «Компьютерлік графика түрлері» тақырыбына сабақ жоспары

«Компьютерлік графика түрлері» тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: : 7 «Ә» Күні: 29.01.2016ж



Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты: Компьютерлік графика түрлері түрлерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Компьютерлік графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары мен оның түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын қайталау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Оқушыларды бағалау

5. Үй тапсырмасын беру.



1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар. (Сабақ барысында өздерін бағалайтын бағалау парағын үлестіріп қоямын). Балалар, сабақ басталар алдында фигуралар таңдадыңдар. Сол фигуралар бойынша топқа бөлініп отыра қойыңдар.



2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сонымен балалар, біз алдыңғы сабақтарда немен таныстық. Ия, модель түрлерімен, қасиеттерімен, сипаттау әдістерімен таныстық. Олай болса компьютерде өткен тақырыпты бекіту үшін My Test бағдарламасында жасалған тестті орындайық. Ал қалған топ орындарында «Сәйкестендір» тапсырмасын орындайды (кеспе қағаз түрінде беремін, оқушылар сәйкестендіріп жабыстырады).

сөзбен сипаттау, кесте, сұлба, граф, сызба

Сұлба -

сызықтармен қосылған ішінде жазулары бар фигуралардан тұрады

Граф -

сызықтармен қосылған ұштардан тұратын графикалық нысан

Глобус

материалдық (заттық) болып табылады

Оқушының үлгерім графигі

ақпараттық болып табылады



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүгін біз жаңа тарауды бастаймыз. Ол - компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді және үшөлшемді.

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Сендер компьютерлік графика түрлері бойынша топтастырылдыңдар, яғни векторлық, растрлық және фракталдық. Ендеше әр топқа сәйкесінше графика түрлері жайлы жалпы мағлұмат беремін (оқып меңгеруге 10 мин).

Растрлық кескіндердің басты элементі пиксель (нүкте) болып табылады. Paint-та салынған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фотомонтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:

- растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуіне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады;

- басып шығару өте жеңіл.

Кемшілігі:

- растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан);

- файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде.

Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Басты элементі - сызық болып табылады.

Қолданылуы: кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелерін көркемдеуде.

Артықшылығы:

- файлдардың шағын көлемде болуы.

- векторлы кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды.

Кемшілігі:

- кейбір кезде қағазға басып шығарылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленеді.

Фракталды кескіндер математикалық теңдеулерден құралады. Теңдеулердің коэффицинттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін әртүрлі кескіндер алуға болады.

Қолданылуы: жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, табиғат құбылыстарды, яғни қар қылауын, ағаштар мен ағаш жапырақтарын және т.б. сипаттауда.

Артықшылығы:

- фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді.



Постер қорғау (басты элементі, қолданылуы, артықшылықтары, кемшіліктері).



Практикалық жұмыс

1. Графикалық Paint редакторын ашыңдар (Пуск - Все программы - Стандартные - Paint).

2. MS PowerPoint-ты ашыңдар (Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Office PowerPoint).

3. Қолдарыңдағы фигураны бірдей қылып екі программаға салыңдар.

4. Әр программада масштабты өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.

5. MS Word-ты ашыңдар (Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word)

Төмендегі кестені салыңдар. Ол үшін Вставка - Таблица командасын басыңдар.



*Айырмашылығы деген жерге суреттерді масштабтағанда байқағандарыңды жазасыңдар.



4. Сабақты бекіту. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

2. Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?

3. Қандай салаларда компьютерлік графика қолданылады?

4. Векторлық графиканың растрлық графикадан айырмашылығы неде?



5. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.



Бағалау парағы

Аты-жөнің _____________________________________



Рефлексия. Светофор.

«Компьютерлік графика түрлері» тақырыбына сабақ жоспары



Үй тапсырмасын беру: §19. Компьютерлік графика түрлері. 98-100 беттер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал