7


  • Учителю
  • Информатика пәні. 9 сынып. Практикалық жұмыс Символдық шамалар

Информатика пәні. 9 сынып. Практикалық жұмыс Символдық шамалар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Зертханалық жұмыс №1

Мақсаты: Символдық шамаларға арналған программаларды ЭЕМ жадына енгізу және редакциялауды үйрену



Теориялық материалдар

Мәндері мәтін болатын шамалар символдық немесе жолдық деп аталады. Символдық шамалардың мәндері апастроф ішінде жазылады. Мысалы, s:='НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ'. Бірде - бір символы жоқ мәтін бос мәтін деп аталады. Мысалы, m:='';

Паскаль тілінің стандартты функциялары:

LENGTH(S) - S жолдық айнымалысының мәніндегі символдар санын береді. Бұл функцияның мәні бүтін сан. Мәтін ұзындығы ондағы барлық символдар санымен анықталады.

  1. Мысалы, LENGTH('АВСD')=4, LENGTH('Sau bol!')=8

  2. СОРY(S,N,М) - жолының N-ші орындағы символынан бастап М символ бөліп алады. S жолдық айнымалы, N, М - бүтін сандар. Егер жолдың ұзындығынан артық болса, онда нәтиже бос орын болады.



Тапсырма 1. Берілген мәтіннің ұзындығын есептеу программасын ЭЕМ жадына енгізу керек. (Мұндағы: n=15 енгізілетін мәтіннің ұзындығы 15 символдан аспауы керектігін білдіреді, s - енгізілетін мәтін, l - мәтін ұзындығы, string - жолдық шама)



Рrogram sim1;

const n=15;

var s:string[n]; y:integer;

begin

write('matin engiz:'); readln(s);

y:=length(s);

write(s,'sozinin uzyndygy: ', y);

writeln;

end.

Программаны орындауға жіберіп., 'matin engiz:' сұрағына кез келген сөз енгізіңіз де, жауаптың дұрыстығына көз жеткізіңіз.





Тапсырма 2. Төмендегі программа 'ATASU' сөзінен 'TAS' сөзін бөліп алады.

Prоgrаm сорy1;

const n=15;

vаг s, s1:string[n];

begin

s:='ATASU';

s1:=сору(s,2,3);

writeln(s1);

writeln;

end.

Программаны орындауға жіберіп нәтижесін көріңіз.

2.1. 'ATASU' сөзінен 'АTA' сөзін бөліп алатындай қылып программаны өзгертіңіз де, программаны орындауға жіберіп, нәтижесіне зер салыңыз.

2.2. Жоғарыдағы программаны 'SAU BOL!' сөзінен 'АU' сөзін бөліп алатындай қылып өзгертіңіз де, программаны орындауға жіберіп, нәтижесіне зер салыңыз.

2.3. Жоғарыдағы программаны 'SAU BOL!' сөзінен 'OL' сөзін бөліп алатындай қылып өзгертіңіз де, программаны орындауға жіберіп, нәтижесіне зер салыңыз.



Өздік жұмыс:

  1. Өз есіміңінен бір мағыналы сөз бөліп алатын программа жаз.

  2. Мәтіннің ұзындығын қандай функция анықтайды?

  3. «ҚАЗАҚСТАН-2030» мәтінінің ұзындығы неге тең?

  4. s:='АБАЙ ЖОЛЫ'; s1:=сору(s,6,3); фрагменті орындалғанда нәтижесі қандай болады?

  5. Бос мәтін деп нені атайды?



Өздік жұмысты дәптерге жасаңыз.



Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал