7


  • Учителю
  • Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: «_______» 2015ж «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі ----------------------

№5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға мұрағаттау программаларын қолдануды үйрету;

2) Оқушылардың мұрағат жасау қабілеттерін дамыту;

3) Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Архивтеу программалары.

Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер

Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу - файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.

Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.

Архивтік файл - арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жүмысының принципі файлда "артық"("асып төгілген") ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі - бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды керсетейік.

Кең тараған ARJ, RАR, РКРАК, РАК, WINZІР архивтеушілері Лемпел-Зивтің алгоритмінің негізінде жұмыс істейді. Бұл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар ұқсас жолдарға нұсқаушымен ауыстырылады.Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді.Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады.

Том - бұл көп томды архивтің қүраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден қүрастыра отырьш оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.Бір архивтеу немесе қаптаудың - алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.

Архивтен алу -бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру дроцесі.

Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.

Ү. Бекіту

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

ҮІ. Қорытындылау

  1. Қандай жағдайда файлды кішірейту қажет болады?

  2. Мұрағат жасаудың алгоритмдері

  3. Мұрағаттық файлдың құрамы

  4. Кәдімгі архив пен өзі шешілетін архивтің айырмашылығ қандай?

  5. Әр типті файлдар қандай көлемде кішірейеді?

ҮІІ. Үй тапсырмасы

§5, бақылау сұрақтарына жауап беру

Тест жауаптары:

1

2

3

4

C

A

B

D

«_______» 2015ж «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:-----------------------------------------

Сынып : 9 . №4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программаларымен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Психологиялық тренинг жаттығуы өткізіледі. («Бұл ненің дауысы?» операциялық жүйе, антивирус, ойындар, офистік программалар) Оқушылар тренинг жаттығумен байланыстары отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.Жаңа тақырыпқа байланысты интернеттен алынған қосымша материалдарды топқа бөліп таратамын. Оқушы жаңа тақырыпты өз бетінше, кейін топпен бірге отырып талқылайды.

ІІІ. Сергіту сәті

Қазақ мақал-мәтелдерін информатикамен байланыстырып айту.

IV. Бекіту

Тақырып негізінде постер қорғайды. Сосын әр топтар бір-біріне түсіндіреді, сқрақтар қояды.

V.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІ.Үй жұмысы

Қосымша материалдармен жұмыс






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал