7


  • Учителю
  • Урока в 6 классе на тему Презентация

Урока в 6 классе на тему Презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 05.04.2016

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Презентация құру. Безендіру шаблондары.

Білімділік мақсаты: Презентацияны жасаудың жаңа мүмкіндіктерімен

таныстыра отырып, қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін

басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;

Тәрбиелік мақсаты: Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты, эстетикалық, еңбексүйгіш дағдыларды қалыптастыру. Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты

тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сандарды сөйлет. «Терезе элементтерін ата».

2. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу».

3. Мәтінді сақтау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Шығармашылық тапсырма. «Білген сайын келеді, біле бергім»

2. Өзін-өзі тексеру. Электрондық оқулықпен жұмыс.

3. Сергіту сәті. Ребус шешу.

V.Қорытынды.

1. Топтастыру стратегиясы.

2. Түртіп алу стратегиясы.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. .

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды 2 топқа бөлу:

І топ: «Графика», ІІ топ «Анимамация»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. І топ: «Графика»

1. Сандарды сөйлет. Терезе элементтерін ата.



2. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу». ІІ топ «Анимамация»

1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске

қосылады? (Пуск - Программы - MS Power Point )

2. Презентация дегеніміз не? (Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, енгізу нәтижесін бақылауды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым презентация)

3. Презентация ұғымы қандай мағына береді? (Латынша praesento тапсырамын, ағылшынша ұсыну)

4. Слайд деген не? (Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді)

5. Слайдта орналасатын объектілерге.... (Фон, мітін, гиперсілтемелер, колонтитулдар, кестелер, графикалық бейнелер, жазулар, диаграммалар, фильм, дыбыс, бағдарша (ярлык) жатады)

6. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? (Microsoft Power Point бағдарламасында бейнелеу режимдерінің төрт түрі қарастырылған: әдеттегі, құрылымдық, слайдтар, слайдтарды сорттаушы. Слайдтарды көрсету деп аталатын бесінші режимде, слайд кескіні толық экранда орналасады)

7. Слайдтарды баспаға қалай береміз? (Презентацияның кез-келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл - Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет)

3.Мәтінді сақтау.

І топ: «Графика» ІІ топ «Анимамация»Сохранить как (алғашқы сақтау)

1. Файл-Сохранить как командасын орындайды.

2. Сохранение документа терезесінде Папкалар өрісінде папканың атын таңдап алады.

3. Имя файла өрісінде құжаттың атын теру.

4. Сохранить батырмасын шерту.



Сохранить (қайталап сақтау)

1. Файл-Сохранить командасын орындайды.

Файл бұл жағдайда бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында енгізілген өзгерістерімен сақталады.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Презентация ұғымы латынша praesento- тапсырамын немесе ағылшынша present-ұсыну дегенді білдіреді.

Кез келген PowerPoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады.

Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, әрбір слайдтарда кем дегенде бір объект - кадр фоны болады. Яғни бос слайд болуы мүмкін емес, тек қана фон типті объектісі болса, ол бос слайд деп есептеледі.Көркемдеу

үлгітүрі

Графикалық файлдарды енгізу.

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

Фон менюі пунктін таңдаңыз. Способы заливки таңдау.

Дыбыспен жұмыс.

Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлдар ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Вставка - фильмы и звук- звук из файла менюі пунктін таңдау.

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар. Слайдтарды безендіру үшін арнайы қалыптарды (шаблон) пайдалануға болады.

Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз

«ПІШІМ» (Формат) è «СЛАЙДТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ»

(Оформление слайда).

Слайдтарды қосу.

Менюдегі «Вставка» «Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті

Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.

Слайдтарды ауыстыру.

Ø Менюдегі «Показ слайдов» «Переход слайда» таңдаңыз

Ø Керекті эффектілерді таңдап слайдтарға ауысуды танда

Ø «Продвижение» деген жерге жалауша орнатыңыз

Слайдты немесе барлық презентацияларды көру.

Құрастырылған слайдтарды көрудің екі түрлі тәсілі бар, бұлардың бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

v терезенің сол жағында орналасқан бұл батырма, ерекшеленіп тұрған слайдтан бастап көрсете бастайды.

v Менюдегі «Показ слайдов» - «Начать показ» батырмасын таңдасаңыз бұл бірінші слайдтан бастап көрсете бастайды.

Слайдтарды демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет.

1. Показ слайдов - настройка анимации командасын орындау.

2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с анықтау керек.

Презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:

· презентацияна алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мен мазмұнын нақты түсіну;

· инпортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;

· суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;

· слайдты көркемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді ьаңдау керек;

· аудитория көңілін презентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да құралдарды қолдану артық болмайды.

ІІ-топ

«Тәуелсіз елім-Қазақстаным менің» тақырыбына презентация жасау.ҚР-ның қалаларының фотоларын және Әнұранын кірістіру қажет.

ІV. Жаңа сабақты бекіту: 1. Шығармашылық тапсырма.



1-топ

«Ел ордасы - Астана» тақырыбына

презентация жасау.

Слайдқа Астананың фотоларын және

ҚР-ның Әнұранын кірістіру қажет.

2. Өзін-өзі тексеру. Электрондық оқулықпен жұмыс

3. Сергіту сәті. Ребус шешу.





Сұрағы:Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі объект не деп аталады?

Жауабы: Слайд.

V.Қорытынды.

1. Топтастыру стратегиясы.

Power Point - та қандай жұмыстар жасауға болады?



Microsoft

Power Point



Фон

анимация



Дыбыс

слайд



колонтитулдар

фильм

фильм



</

2. Түртіп алу стратегиясы.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:Презентация жасау тақырыбын оқып келу.

«Менің достарым» тақырыбында презентация жасауға

жоспар құрып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал