7


  • Учителю
  • Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары :

Пән аты : Информатика

Сынып : 10

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

Cабақтың мақсаты:

Білімділігі : Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалауды ажырата және қолдана білу, олардың праграммалау тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Дамытушылығы : Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Тәрбиелігі : Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Программалау деген не?

  2. Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңдар.

  3. Программа тілдерін қалай топтастыруға болады?

  4. FORTRAN тілінің қандай ерекшелігі бар?

  5. Программалық жасақтама деген не? Оның деңгейлерін атаңдар.

III Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көріну үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен программалауды ішкі программа ұғымы енгізілген.

Ішкі программа - қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы.

Программа бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық программалау идеясы 70-жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуге атақты ғалымдар: Э.Дейкстра, Х.Милс, Э.Кнут, С.Хоор қатысты. Құрылымдық программалау программалық өнімнің модульдік құрылымына және әртүрлі программалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген.

Құрылымды басқару типтері:

  • Реттілік;

  • Альтернативті (таңдау шарты);

  • Циклдік.

Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең тараған:

  • «Жоғарыдан төменге» программалау;

  • «Төменнен жоғарыға» программалау;

Құрылымдық программалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шығаруда тиімді қолданылады.


Модульдік программалау - программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.

Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

  • Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерге тәуелсіз болуы қажет;

  • Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әртүрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделігін төмендетуге болады.

Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.

Нысанға бағытталған программалау технологиясында қолданушы үш базалық элементпен: нысан, хабар және кластармен жұмыс істейді.

Нысандар бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан, ал нысан құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер.

Класс біртипті нысандарға арналған шаблон және нысанды айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқым қуалау, полиморфизм.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:

  • Нысан;

  • Нысанның қасиеттері;

  • Нысанның әдісі;

  • Нысандар класы.

Мысалы, автокөлік нысан болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдама автокөліктің іс-әрекетіне, әдісіне қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз - нысанның сипаттамасы, әдіс дегеніміз - нысанның іс-әрекеді.

Класс-әдістер немесе қасиеттер - ортақтығымен сипатталатын нысандар жиынтығы.


IV Сабақты бекіту

  1. Құрылымдық программалау деген не?

  2. Құрылымдық программалау қашан пайда болды?

  3. Модульдік программалау деген не?

  4. Нысанға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады?

V Үйге тапсырма Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

VIБағалау Оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал