7


Поурочные планы 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Информатика 7 сынып 02.09.2015 ж





Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Техника қауiпсiздiгі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

  • Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта

Сабақ түрі: аралас





Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-6 сыныпта өткен тақырыптардан қысқаша шолу (Word, Power Point программалары бойынша білімдерін тұйықтау).

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.

І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі:

  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

4.Өткен тақырыпты бекіту . Тест орындау.

5.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылдау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал