7


  • Учителю
  • Мәтінді пішімдеу.Әріптер 5 сынып

Мәтінді пішімдеу.Әріптер 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді оқу ісі жөніндегі орынбасар Таженова А

Күні сыныбы: 5 пәні: Информатика Пән мұғалімі Оспанова С

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер .

Сабақтың мақсаты: Берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.Шрифтті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын пайдалануды меңгерту.Топпен жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйренеді.

Тапсырмалар: Топтық жұмыс: Мәтінмен жұмысЖұптық жұмыс: А, В деңгейлі тапсырмаларды орындау. Жеке жұмыс: Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап

Негізгі дереккөздер: Оқулық. Информатика, 5 сынып,Арман ПВ баспасы,2013 ж

Е.Вьюшкова , МАН материалдары, Математика және информатика журналдары

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)

І .Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу І.І Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Мәселе (проблема) қою. Алдыңғы тапсырма: Үй тапсырмасын пысықтау

Жеке жұмыс: Білімді өзектендіру. АКТ. Қауіпсіздік техника ережесі.

1.Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады? «азатжол белгісі»

2.Оны өшіруге бола ма?

3.Жаңа азатжолды қалай қоямыз?

4.Жаңа жол қалай қосылады?

5.Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады? 3-5 бақылау сұрақтарына жауап алу, 7 тапсырманы орындау.

Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын пысықтау. §20. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

1. Мәтінді теру ережесін атаңдар.

2. Мәтіннің басына абзацты қалай қосамыз?

Жұптық жұмыс: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

1955 жылы баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуге арналған Байқоңыр әскери полигонының құрылысы басталды. Бұл жерден 1957 жылы жасанды жер серігі, ал 1961 жылы алғашқы ғарышкер ұшырылды. Соңғы жылдары Байқоңырдан мыңдаған жасанды жер серіктері, сонымен қатар жүздеген континентаралық зымырындар ғарышқа жол тартты. (УР-500, РС-18, РС-20).

Топтық жұмыс: Сәйкестендіріңдер.Жеке жұмыс: 4.1.3. Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:

1. Әріпті пішімдеудің нагізгі параметрлерін атаңдар.

2.Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?

3.Әріпті қалай қисық, астын сызылған етеміз?

4.Сызғыш не үшін керек?

5.Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма?

Мадақтау арқылы бағалау. Кері байланыс: -Маған қызықты болғаны... Маған қиын болғаны... Кейінгі тапсырмалар: §21. Мәтінді пішімдеу. Әріптер. 165 бет оқу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал