7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары'Файл және оны баптау' (9 сынып)

Сабақ жоспары'Файл және оны баптау' (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пән аты : Информатика

Сынып : 9

Сабақтың тақырыбы: Файл және оны баптау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Файл және оны баптауды үйрету.

Дамытушылық :Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт Паскаль тілін программалау тілдерінің ішіндегі ең қолайлысы ретінде ұсынған. Бірақ Паскаль тілінің стандарты біраз кейінірек бекітілді және бүкіл әлемге тиімділігі жөнінен тез тарады.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексер оңай және жіберілген қателерді де түзету жеңілірек, сондықтан да қазіргі кездегі компьютерлер осы Паскаль тілінде жұмыс істей алады.

Программаның компьютерде орындалу үдерісі кезінде төмендегідей іс-әрекеттер орындалады:

  • программа машина тіліне аударылады

  • ол нысандық программаға түрленеді

  • тек содан кейін ғана орындалады

Нәтижесінде компьютерде программаның екі түрі орын алады: біріншісі - алгоритм түрінде, екіншісі - нысандық кодта жазылған программа. Есептің нәтижесін нысандық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаның қандай да бір бөлігін түзету үшін оның алгоритмдік түрі өңделеді.

Паскаль тілінің алфавиті

Жалпы біздің күнделікті қолданып отырған қазақ тілі немесе орыс тілі, ағылшын тілдеріндегідей Паскаль тілінің де өзіндік алфавиті, элементтері, жазылу ерекшеліктері болады. Тілдің алфавиті программаның элементтерін құрайтын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, сандар, айыру белгілері, арнайы символдар жатады.

Паскаль тілінде:

  • Арнайы атаулар - латын әріптері;

  • 0-ден 9-ға дейінгі сандар;

  • Арнайы таңбалар:

Арифметикалық және салыстыру амалдары:

  • +, -, *, /,>,<,<>,>=,<=,=

    Математикалық түрде жазылуы

    Паскаль тілінде жазылуы

    25+10

    25+10

    9:3

    9/3

    1987х856

    1987*856

    9856-226

    9856-226

  • Арифметикалық және логикалық функциялар:

Div - бүтін бөлу

Mod - қалдықты табу

Not - Емес немесе терістеу операциясы

And - Және немесе логикалық көбейту операциясы

Or - Немесе операциясы

Shl - Биттер 1 мен 0-дер тіркесін солға ығыстыру

Shr - Биттер 1 мен 0-дер тіркесін оңға ығыстыру

  • Әртүрлі тыныс белгілер

(), «», {}, [], :=, =, :-,=-,-;

  • Айыру белгілеріне - бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, келесі жолға көшу пернесін басу белгісі, түсініктемелер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.Практикалық жұмыс

13 div 4=

17 div 5=

17 mod 5=

13 mod 4=

27 div 5=

36 div7=

10 mod3=

2div3=

63 mod8=

45 mod8=

ІV.Бағалау

Оқушыларды бағалау

V.Үй жұмысы

Конспект оқып келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал