7


  • Учителю
  • Қаржылық функциялармен есептер шығару

Қаржылық функциялармен есептер шығару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары №17



Оқытушы: Серикбаева С.К. пәннің аты Информатика

Оқу тобы: ____________________________________________________күні:____________________

Сабақ тақырыбы: Қаржылық функциялармен есептер шығару

Сабақтың түрі: аралас сабақ





Сабақтың мақсаты

Білімділік студентерге қаржылық функцияларды қолдануды және есеп шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттерді шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.



Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша

Сабақты жабдықтау: Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары:

Интерактивті тақта, компьютер

Таратылатын материалдар: компьютерде орындалатын тапсырмалар (тақырып бойынша)

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, математикаСабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)



Қосымша және берілген уақыт (мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

  • Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы



  • Сәлемдесу



  • Түгендеу



ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі)

15 мин





Еңбек және еңбекақы төлеу есебін шығару.



Қосымша сыйақы еңбек төлемдерін есептеу.







ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне - өзі сенімділігі)

40 мин

Жоспар:



1. Қаржылық функциялар



2. Параметрлік есептерді шығару











ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл - қозғалысы)

20 мин





Тапсырмаларды шығару.



























V.Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)

2 мин





Ахметов .А., Ахметов Д. Қаржылы математика MS EXCEL-де, «Бастау» Алматы 2010, Қаржылық функциялар, есептер шығару







1. Қаржылық функциялар

2. Параметрлік есептерді шығару

Қаржы функциялары кәсiпорынның қаржылық - тұрмыстық қызметiн жоспарлау және талдауында , сонымен қатар құрал инвестицияларын салуға қатысты есептердiң шешiмiнде қолданылады. Қаржы функцияларының ішінде үш улкен тобын шығаруға болады. Олар бағалы қағаздардан амортизациялық төлемдер, рента төлемдерi және бағалы қағаздардан табыстарды есептеу үшiн қолданылатын функциялар. Соның қаржы ренталармен жұмыс істеуіне арналған фунцияларының қызметін қарастырайық.

Қаржы қызметiнде кейде бiрiнен соң бiрi ақша төлемдері орындалады - ақша төлемдерінің тасқыны. Мысалы жыл сайынғы облигациялар бойынша пайыз төлеулері, сақтандандыру қорды құрастыру үшін банкке үнемі үлестер жасау, тұтынушы қарызы бойынша ай сайынғы төлемдер, қайырымдылық қорынан ай сайынғы стипендияның алу және сол сияқты төмеддер. Осындай төлемдер арқылы айналымдағы ақшаға пайыз қосылады.Төлем тасқының қарастыру кезінде екi негiзгi есебі туу мүмкiн: төлем тасқынынан өсу денгейiн табу, немесе керiсiнше өсу тасқыннан жеке төлем шамасын табу. Жеке ақы төлем тасқынына - қаржы ренталары - ұқсас есептердiң шешiмiнiң математикалық әдiстерi жасалған.

Төлемдердiң жүйелi ағындарының сандық талдауы келесi оның негiзгi мiнездемелерiнiң есептеуiне апарады:

 ---төлемдер ағынының ағымдағы шамасы;

 төлемдер ағынының келешек шамасы;

 жеке төлеудi шамасы;

 пайдалылықтың нормасы;

 төлемдердi өткiзу мерзiмдерiнiң саны;

Электрондық кестеде бұл көрсеткіштерді есептеу үшін кiрiстiрiлген функциялар бар. Бұл функциялар Excel-гі талдау дестесінде мазмұндалады. Қаржы функциялары бекiтiлген жиынынан бiрдей аргументтеріне ие болады. Төмендегi кестеде осы бағыты функциялар қолданылатын аргументтердің тізімін қарастырайық.

Кесте - Қаржы функциясының аргументi

пайыздық мөлшер

период саны

өткiзiлген операцияға сандық периоды

период

периодтың сандық реті

төлем

периодтық толем шамасы

бастапқы сомма

бастапқы құн

келешек сомма

келешек құн

тип

пайызды есептеу түрі

Ms Excel -де функцияларды қолдану үшін келесі командарының бірін орындау керек:

- Вставка - Функция - Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау - Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

немесе

- Құралдар тақтасында Қаржылық функциялармен есептер шығару белгісін таңдау арқылы функцилар сұхбаттық терезесін экран бетіне шығару - Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау - Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

Аргументтерге сәйкес электрондық кестеде пайдаланатын функцияларды қарастырайық.

Кесте - Қаржы ренталарын анықтау үшiн қаржы функцияларыБЗ

FV

БС

(мөлшері;төл_саны;төлемі

[баст_сомма] [түрі])

келешек үлкен шама

КПЕР

NPER

(мөлшері;птөлемдер;баст_сомма

[кел_сомма] [түрі])

сандық төлем

НОРМА

СТАВКА

RATE

(төл_саны;төлем;баст_сомма

[кел_сомма] [түрі ] [болжау])

пайыздық шама

ППЛАТ

ПЛТ

PMT

(кол_пер;платежи;нач_сум

[кел_бағасы] [түрі])

үлкен периодтық төлем

ПЗ

ПС

PV

(мөлшері;төл_саны;төлем; [кел_сомма] [түрі])

қазiргi тасқынның құны

ПЛПРОЦ

IMPT

(мөлшері;период;пер_саны;

баст_сомма;кел_сомма_[ түрі])

берiлген уақыттағы төлем пайызы

ОСНПЛАТ

ОСПЛТ

PPMT

(ставка;период;пер_саны;

баст_сомма;кел_сомма[түрі])

негiзгi төлем берiлген периодтық шама

ОБЩПЛАТ

CUMIPT

(мөлшері;пер_саны;баст_сомма;

пер_басы;пер_соңы;кел_бағ;түрі )

жиналған пайыздық құн

ОБЩДОХОД

CUMPRINC

(мөлшері;пер_саны;баст_сомма;

пер_басы;пер_соңы;кел_бағасы; түрі )

жиналған құн

Қарастырылған қаржылық функцияларды пайдалануы жұмыс барысында есептеулерді автоматтандыруға және және жұмысты ыңғайлатуға мүмкіндік береді.





Тапсырмалар



1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

7-есеп. 7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға - 18 %, қалған төрт жылға - 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

9-есеп. 3 жылдан кейін 90 млн алу үшін депозитке 20 % жылдық ставкамен қанша сома салу керек екенін анықтаңыз. Проценттік есептеу квартал сайын болсын. ПС функциясын қолданыңыз.

10-есеп. Проект бойынша шығындар 570 млн. Үш жылда: 270, 330, 290 млн пайда əкеледі деп болжанады. Дисконттау ставкасы 17 %. Проектінің ағымдағы құнын анықтау керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.



1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда: 120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?

Шешім:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.1 суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.1-сурет - Проект бойынша бастапқы шығындарды анықтау терезесі

Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мəн бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).

В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис - Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.2 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.2-сурет - Подбор параметра құралының терезесі

Нəтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті

шығындар мөлшері 3.3 суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.3-сурет - Бастапқы шығындарды есептеудің нəтижелік терезесі



2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін - 3000, екі жылдан кейін - 5000, үш жылдан кейін - 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?

Шешімі:

Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын жəне Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.4 суретте көрсетілген.



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.4-сурет - Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті



Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мəн жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).

В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис - Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.5 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.5-сурет - Подбор параметра құралының терезесі



Нəтижесінде біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен

беріліп тұрғандығын анықтаймыз.



Қаржылық функциялармен есептер шығару



3.6-сурет - Бірыңғай емес капитал салымы табылған нəтижелік бет





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал