7


  • Учителю
  • Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған Модельдің түрлері атты тақырыпқа сабақ жоспары

Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған Модельдің түрлері атты тақырыпқа сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ № 14 Күні __________

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, тұсаукуесер

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», жұптық, топтық жұмыс әдістері.

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалды қайталау

Сабақтың тақырыбы: № 13 Модель және модельдеу

1. Модель дегеніміз?

А) қарапайым нысан

B) нақты нысан, құбылыс немесе үдеріс

C) нысан және оның қасиеттері

D) нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді



2. Модельдеу?

А) нақты нысан, құбылыс немесе үдеріс

B) нысандарды, үдерістері және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру

C) модельді сипаттау

D) нысаңды құбылысты жою



3. «Есептің қойылымы» модель кезеңі неге жауап береді?

А) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау

B) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель

C) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

D) модельдеу нәтижесін талдау



4. «Модель құру» модельдеу кезеңдінің құрылымы?

А) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау

B) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

C) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель

D) модельдеу нәтижесін талдау



5. «Компьютерлік модель» модельдеудің кезеңі неден тұрады?

А) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель

B) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

C) модельдеу нәтижесін талдау

D) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау



  1. Жаңа сабақты түсіндіру







Динамикалық модель - уақытының өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерістерін көрсетеді.

Ақпараттық модель дегеніміз - объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді атайды.

Сөздік модель - иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель - объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.



  1. Сабақты бекіту

Түйін

Ақпараттық модель дегеніміз - нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді атайды.

Компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.

  1. Үйге тапсырма

§ 14, 77-82 бет. Бақылау сұрақтарына жауап беру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал