- Учителю
- Сабақ жоспар Информатика пәнінен
Сабақ жоспар Информатика пәнінен
№17 сабақ Сыныбы: 8 И Күні: 14.01.2016ж
Пән мұғалімі: Нұрақынова А. Н.
Тексерілді: ОІМ Биниязова А.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің іf және case (таңдау) операторларын пайдаланып программа құруға үйрету;
Дамытушылық:Паскаль тілінің іf және case (таңдау) операторларын пайдаланып программа құра отырып оқушыларды өз беттерімен программа құруға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
• Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады? Олар неше топқа бөлінеді?
• Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
• Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
• Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
• Шартты оператордың қандай түрлері бар?
• ІҒ операторының жалпы жазылу түрі қандай?
• Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
• Сase операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Компьютермен жұмыс
№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр.
Program max;
Var a, b, max: integer;
Begin
Readln(a,b);
If a>b then max:=a else max:=b;
Writeln('max=',max);
End.
№2. Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.
Program max;
Var a, b, c,x, max: integer;
Begin
Readln(a,b,c);
If a>b then x:=a else x:=b;
If x>c then max:=x else max:=c;
Writeln('max=',max);
End.
№3. Екі санның кішісін табатын программа құру керек.
Program min;
Var a, b, min: integer;
Begin
Readln(a,b);
If a
Writeln('min=',min);
End.
№4. Үш санның кішісін табатын программа құру керек.
Program min;
Var a, b, c,x, min: integer;
Begin
Readln(a,b,c);
If a
If x
Writeln('min=',min);
End.
№5. Үш кесіндінің а, b, c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.
Program e5;
Var a, b, c: integer;
P1, p, s: real;
Begin
Readln(a,b,c);
If a+b>c then p1:=a+b+c;
P:=(a+b+c)/2;
S:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(pc-));
Writeln('p1=',p1:5:2);
Writeln('s=',s:5:2);
End.
№6. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Program e6;
Var x:integer;
Begin
Writeln('adam jasin engiz');
Readln(x);
If x<=6 then writeln('ali mektepke barmagan') else
If (x>6) and (x<=17) writeln('mektep okushisi') else
If (x>17) and(x<58) writeln('jumisshi') else writeln ('zeinetker');
End.
№7. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
Program e7;
Var x,y:real;
Begin
Writeln('x,y-?');
Readln(x,y);
If abs(x)< abs(y) then x:=x/5;
writeln (x:5:2, y:5:2);
readln;
End.
№8. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.
Program e8;
Var x,y,z,r,k,t,s,n:integer;
Begin
Read(x,y,z,r,k,t);
S:=x+y+z;
N:=r+k+t;
If S=N then writeln('bakitti nomir') else writeln('bakitti nomir emes');
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
• Шартты оператордың қандай түрлері бар?
• ІҒ операторының жалпы жазылу түрі қандай?
• Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
• Сase операторының жалпы жазылу түрі қандай?
• Writeln('s=',s:5:2) операторындағы 5 және 2 цифрлары нені білдіреді?
• Қандай жағдайда программада if операторы екі рет қолданылады?
Үй тапсырмасы: 89-90 бет, 12, 13 жаттығулар.