- Учителю
- 'Программалау тілінің синтаксисі' тақырыбында сабақ жоспары
'Программалау тілінің синтаксисі' тақырыбында сабақ жоспары
Сыныбы:7 «А» Күні:
Тақырыбы: Программалау тілінің синтаксисі.
Мақсаты:
Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;
Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;
Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
-
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
-
Журнал толтыру;
-
Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс - 1ұп, жоқ - 0; дұрыс емес - 0,5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
-
Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
-
Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
-
Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
-
Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
-
:= ' ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)
Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
-
Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)
16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…
Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500... кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);
-
Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15.5; a:=512; mektep:='Жібек жолы' … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5, 512, 'Жібек жолы' - бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
-
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…
-
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері...Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар - бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар - бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі - баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.
ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)
1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?
-10, -5, 0, 5, 10, ..., ..., бүтін сандар,
-1,5, -1, ..., 0, ..., ..., 1,5, ... нақты сандар.
2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?
Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.
Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.
3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?
Типі сөз болса mektep, vuz, (кез-келген сөз)
Типі нақты болса dd, x, y2, (кез-келген сан)
Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)
4. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?
5,5, 600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим.элем.аты...
IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)
V. Үйге (3мин) Программалау тілінің синтаксисі.