- Учителю
- Урок на тему Ақпараттың өлшем бірлігі
Урок на тему Ақпараттың өлшем бірлігі
</ Сабақтың тақырыбы:Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ақпараттың алуан түрлілігін, оларды өңдеудің тәсілдерін, ақпарат саны және өлшем бірлігі туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, электрондық оқулық.
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, баяндау
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру, сұрау кезеңі
Өткен тақырыптан сұрақтар қою арқылы тексеру
-
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
-
Адам ақпаратты қалай алады?
-
Ақпаратты қайда сақтауға болады?
-
Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтір.
-
Адам ақпаратты қалай өңдейді?
ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын ғана қабылдайды. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, бар болуын 1 арқылы белгілеу қабылданған.
Бит 0 немес 1 сияқты екі мәннің бітін ғана абылдайды. Бит апараттың ең кіші өлшем бірлігі. Ақпаратты өлшеу бірлігі байт деп аталады.
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен 1 символ өлшенеді. Символ - ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгі немес бос орын.
1 Килобайт (1 Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (1 Мб) = 1024 Кб
1 Гегабайт (1 Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (1 Тб) = 1024 Гб
Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.
Ақпараттық жеткізу жылдамдығы дегеніміз - бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
Ақпарат қасиетттері:
-
Өзектілік
-
Толықтылық
-
Жеткіліктілік
-
Қолжетімділік
Объективтілік
VІ. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру
Бақылау сұрақтары:
-
Ақпараттың өлшем бірліктерін ең кішісінен үлкеніне қарай ата.
-
1 байт неге тең?
-
«Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?
-
«Алақай! жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер.
-
Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
VІІ. Материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау кезеңі
Өзіңді тексер! (тест 29 бет)
VI. Үй тапсырмасы:Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.