7


  • Учителю
  • 'Функция, стандартты функцияларды пайдалану'

'Функция, стандартты функцияларды пайдалану'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні .............................................................................................................................


Сабақтың тақырыбы:

Дайын функцияларды пайдалану

Сабақтың мақсаты:


Білімділігі:


Excel-де дайын функцияларды пайдаланып есептер шығаруды үйрену

Дамытушылығы:


Жаңа мәліметтер бойынша оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мәні:

Компьютерде жұмыс жасау кезінде ұқыпты болуға, әрбір істі саналы түрде орындауға баулу

Сабақта қолданылатын көрнекілік:


Компьютер, оқулық, таратпа қағаздар

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеу

2. Оқу құралдарын түгелдеу, реттеу

3. Оқушының көңіл-күйін сұрау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. Mіcrosoft Excel-дің қызметі қандай?

  2. Жұмыс кестесінің элементтері қандай?

  3. Жұмыс парағының атын қалай өзгертеміз?

  4. Ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады?

  5. Қандай деректерді автоматты түрде толтыруға болады?

6. Формула қандай таңбадан басталады?

7. Арифметикалық амалдарды жазу үшін қандай белгілерді пайдаланамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Excel программасына математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей алады. Excel функциялары - программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты (мысалы, СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз- нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.

Бірқатар функциялар:

макс(тізім)- тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.

мин(тізім)- тізімдегі ең кіші (минимум) шаманы табады.

срзнач (тізім)- аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді.

сумм(тізім)- көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді.

целое(х)- x аргументін ең кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді.

римское(х)- x санын римдік санға аударады

дес.в.дв(х)- x ондық санын екілік санға аударады

ln(х)- берілген x санының натурал логарифімін есептейді.

log10(x)- берілген x санының ондық логарифімін есептейді.

sіn(х)- радианмен өлшенген x бұрышының синусын есептейді.


Мысалы, СУММ(А1:А30) функциясы А1:А30 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысын табады.

Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында

∑ - Автосумма батырмасы меншіктеліп қойылған. Қосылатын ұяшықтарды ерекшелеп, құрал-саймандар тақтасындағы ∑-автосумма батырмасын шерту қажет


Функция енгізу үшін:

1. Формула енгізілетін ұяшықты ерекшелеу.

2. Формулы-Вставить функцияю командасын орындау немесе батырмасын шерту.

3. Ашылған терезеде көрсетілген тізімнен өзімізге қажетті фукцияны таңдап алып, ОК-ді шерту.

4. Екінші ашылған терезеде таңдалған функцияның аргументтерін енгізу, яғни Число1 өрісіне ұяшықтың адресін енгізу.

5. ОК-ді шерту.


Өзің орында


А деңгейі

  1. Microsoft Excel-ді іске қосыңыз

  2. Төмендегі кестені құрып, оны толтырыңыз

    р/с

    Оқушының аты-жөні

    Қазақ т

    Алгебра

    Геометрия

    Физика

    Инфор

    Орта балы

    1


    2


    3


    4


    5


    6


  3. Орта балын есептеу үшін:

  • Кестелік курсорды 1-оқушының орта балына орналастыру

  • Формулы-Вставить функцияю командасын орындау немесе батырмасын шерту

  • Ашылған терезеде көрсетілген тізімнен орта баллды есептейтін СРЗНАЧ фукциясын таңдап аламыз да ОК батырмасын шертеміз.

  • Екінші сұхбат терезе Число1 өрісінде ұяшықтар адресіне жасалған сілтемелердің дұрыстығына көз жеткізіп, ОК батырмасын шертеміз.

  • Енгізілген формуланы басқа ұяшықтарға толтыру әрекеті арқылы көшіреміз

  1. Орта балл жазылған ұяшықтарды басқа түспен бояу арқылы ерекшелеп қойыңыз

  2. Жұмысыңызды сақтап қойыңыз

В деңгейі

Сандарды римдік санға айналдырыңдар

Сан

6

29

45

125

690

1075

2004

3101

35

Римдік сан

С деңгейі

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйелеріне аударыңдар

Ондық сан

7

18

37

245

2-лік сан

8-дік сан

16-лық сан


ІҮ. Сабақты бекіту.

Сұрақтар қою:

1. Функцияны қалай енгіземіз?

2. Функцияның қандай түрлері бар?

Ү. Оқушылар білімін бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Дайын функцияларды пайдалану туралы оқу

Тексерілді. ………............……….



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал