7


  • Учителю
  • Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі







АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Растрлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері. Практикалық жұмыс.

































Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Джанаева Баян













Алматы -2016ж

Күні: 14.04.2016ж

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: Информатика

</ Пән мұғалімі: Джанаева Б



Тақырыбы: Растрлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері.

Білімділік мақсаты:PAINT графикалық редакторындағы салу құралдары жөнінде алған білімдерін жинақтау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды осы редакторды толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикум сабағы

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, проектор, слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, ұландарды орнындарына отырғызып, тексеру.

Психологиялық тренинг:

Мұғалім сөзі

ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыр болғандықтан адамзатқа компьтерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауатылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мұндай сабақтардың оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіріп, суреттер салу, пән аралық байланысты нығайтуға тигізер пайдасы зор.

2. Өтен сабақты қайталау: Өткен материалдарға қатысты слайд арқылы сұрақтар қойылады. (Оқушылардың жауабы тыңдалады және слайдтан дұрыс жауап көрсетіледі)

Қойылатын сұрақтар:

PAINT графикалық редакторы деген не?

PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата.

PAINT графикалық редакторының терезесінің элементтерін көрсет.

I - тапсырма

Оқушыларға жұмбақтар қойылады,жауабын тапқан оқушы ноутбукке суретін салып көрсетеді.

Аяғынан қаз тұрған,

Қалпағы бар антұрған.

/Саңырауқұлақ/.

Шақырсаң өздігінен бара алмайды,

Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.

Егер де отқа салсаң өліп кетер,

Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.

/Ағаш/.



Шіркіннің өзіне обал-ақ

Жүреді аяқта домалап

(доп)





Үрлесең жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк-теңбіл,

Бұлтқа да жетеді

(шар)

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)



II - тапсырма.Сәйкестендіру

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:



Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріЕрікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні

таңдау қызметін атқарады.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріБелгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау

қызметін атқарады.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріӨшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

бөліктерін өшіруге арналған құрал.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріҚұю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

немесе фон түсін бояйды.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріТүс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріМасштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

кішірейтуге мүмкіндік береді.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріҚарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

сызуға арналған.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріКисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

түрін таңдап алуға болады.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріБүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

береді.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріЖазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріСызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріҚисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріТік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріКөпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріЭллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдеріБұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары

дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік

береді.

III - тапсырма. Терезе элементтерінің аттарын жазу.





IV - тапсырма.Суретші

«Суретші» суретті қолыңды алмай сал. Сызықтарды салу ретін көрсет.





Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері

V - тапсырма. Төмендегі жаттауға байланысты сурет құрастыру.

Көкөніс

Апам базардан келді,

Үйге көкөніс әкелді:

Картоп,

Сәбіз,

Капуста,

Ас бұршағы,

Қызылша,

Бәрі сондай тамаша!

VI - тапсырма.Түзу сызық құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен 1 2 3 4 5 сандарын салыңыз.

VII- тапсырма.Мысық және күшік.

Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды.Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы болды.Мысық не сыйламақшы болды.Сурет арқылы бейнелеңіз.

VIII - тапсырма.Мына фигураларды пайдалана отырып, сурет құрастырыңыз.Құрастырған суретіңізге тақырып қойыңыз.









































Растырлық бейнелермен жұмыс жасау тәсілдері







VI. Үй тапсырмасы.

  1. §22оқу, 117-120 бет.

  2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

VІІ. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал