- Учителю
- методическая пособия по информатике для начальных классов
методическая пособия по информатике для начальных классов
Компьютермен және оның құрылғыларымен танысу
(Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік материал)
Исабекова Утегуль Жетписбаевна
№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназияның
информатика пәні мұғалімі
ОҚО облысы, Түркістан қаласы
Мақсаты: Оқушыларға компьютердің негізгі құрылғылары бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Компьютер құрылғылары мен олардың қызметі бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, негізгі ойларын жеткізе алуын дамыту. Олардың сөйлеу мәнері дәрежесін көтеру. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі болатын кездейсоқ жағдайлардан, техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өздерін алға ұмтылуға тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: ойын әдісі,жартылай іздеу әдісінің элементтерін қолдану.
Оқыту құралдары:
Техникалық
* ОЖ MS Windows орнатылған компьютер.
*принтер,сканер,модем.
*мультимедиялық проектор.
*экран.
Бағдарламалық
*Microsoft Power Point презентациясында жасалған бағдарлама.
*Сабақтың презентациясы.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Саламатсыңдарма балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Барлығымыз бір-біріміздің көздерімізге қарап, сәттілік тілеп сабағымызды бастайық. Сабағымыздың ұраны ретінде біз француз жазушы лингвисті Гюстава Гийоманың мына ұранды сөзімен бастайық: «Жолдың күшін жолаушы күшейтеді,ал информатиканы ойы жүйрік күшейтеді!»
2. Жаңа тақырыпты баяндау. Бүгін біз «ИНФОРМАТИКА» еліне саяхат жасаймыз. Бұл елде бізді көптеген қызықты жаңалықтар күтіп тұр. Сіздердің алдарыңызда информатика елінің үлкен қақпасы тұр! (Слайдта үлкен жабық қақпаның суреті бейнеленген суреті тұрғаны көрсетіледі). Бірақ қақпалар жабық тұр. Сіздер осы қақпалардың ашылуына арналған сынақтардан өтуге дайынсыңдарма? Біздің жолымызға сендердің әдебиеттен,математика,сурет және еңбек сабағынан алған білімдерің қажет, өйткені информатика осы білімдердің бірігуінен жасалған. Біздің бұл елдегі ең негізгі құпиямыз мыналардан тұрады:
-
ақпаратты қалай табу керек?
-
табылған ақпаратпен не жасауға болады?
-
табылған ақпарат тиімді болу үшін және қайсысы құнды ақпарат, ал қайсысы онша құнды емес екенін қалай ажыратуға болады?
Ал бүгін бізді «информатика» әлеміне тап болуға көмектесетін сынақтар күтіп тұр.
Бірақ жолсеріксіз қалай барамыз?
Бізге бұл елге баруға кім көмектеседі? Компьютер біздің қайырымды әрі жақсы көмекшіміз және досымыз болады. Қанекей біз онымен жақынырақ танысайық. (Мұғалім компьютердің суретін көрсетеді).Қанекей мұқият жолсерікке қарайық. Қалай ойлайсыңдар біз ненің көмегімен компьютерге бұйрығымызды, ойымызды, өтінішімізді жеткізе аламыз?
(Ақпаратты енгізу құрылғысының көмегімен- пернетақта, тышқан).
(Мұғалім пернетақта мен тышқанның суретін көрсетеді).
Компьютер ненің көмегімен бізге өзінің жұмысының жауабын көрсетеді? Біз тағыда қайдан (неден) көреміз? (Монитордан) Оны тағыда ақпаратты шығару құрылғысы деп атайды.
(Мұғалім монитордың суретін демонстрациялайды).
Егер ақпаратты қағазда көргіміз келсе бізге қандай құрылғы көмектеседі? (Принтер) (Мұғалім принтердің суретін демонстрациялайды). Ал, тағы балалар сканер деген бар, ол өздеріңнің суреттеріңді және кез-келген суретті компьютерге енгізуге көмектеседі. Қалай ойлайсыңдар бұл құрылғы енгізу құрылғысы ма, әлде шығару құрылғысыма? (Енгізу құрылғысы) (Мұғалім сканердің суретін демонстрациялайды). Тағы модем құрылғысы бар. Бұл құрылғы бізге басқа компьютерлерден, және алыстағы қалалардан, шет елдердегі компьютерлердегі ақпараттарды алуға, беруге арналған құрылғы. (Модем) (Мұғалім модемнің суретін демонстрациялайды). Балалар біз компьютердің ең маңызды бір бөлігін айтуды ұмытып барамыз- оның МИЫН. Қалай ойлайсыңдар ол қай жерде орналасқан? (Жүйелік блокта) Дұрыс, ол жүйелік блок деп аталатын мына қорапта. (Мұғалім жүйелік блоктың суретін демонстрациялайды). Бұл құрылғыда компьютердің барлық ойлау жағын орындайтын бөліктері орналасқан. Үлкен сыныптарға барғанда бұл жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылармен кеңінен танысатын боласыңдар.
3. Физкультминутка (Сергіту сәті).
Қазір барлығың тұрыңдарда менің айнам болыңдар, яғни айнадағы сияқты менің барлық қимылымды қайталаңдар. Мен қолымды көтеремін- сендерде көтеріңдер, мен аяғымды жаныма қоямын-сендерде қойыңдар, бірақ ұмытпаңдар сендер менің айнамсыңдар, яғни сендер менің қимылымды қайталауға міндеттісіңдер! (Ойынды жарыс ретінде ұйымдастыруға болады: кімде-кім жаттығуды дұрыс орындамаса, ол орнына отырады. Солай келе ойын соңында жеңімпаз қалатын болады).
4. Тәртіп ережесі.
Бізді «ИНФОРМАТИКА» еліне өткізу үшін біз келісім шартқа отыруымыз керек және уақытты үнемдеуге де келісу керек.
-
Бір-біріміздің ойларымызды бөлмей отыруымыз керек.
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютердің нүктелерін, пернелерін баспау керек.
-
Егер бірнәрсе айтқың келсе қол көтеру керек.
-
Сабаққа жылдам назарды аудару керек
-
Кітапты, дәптерді, ручканы ұмытпау керек.
-
Шығармашылық жұмыстардың жарысы.
Біз сіздермен Информатика елінде ұстанатын келісім-шартқа отырғаннан кейін, бізге енді рұқсатнама (пропуск) алу ғана қалды. Бұл үшін бізге 4 адамға бөлініп,келесі тапсырмаларды орындау керек.
Тапсырма
Әңгімені ауызша жалғастырыңдар:
Ерте-ерте ертеде пернетақта, экран (монитор) және жүйелік блок болыпты. Олар тату-тәтті тұрыпты... біздің арамызда кім басшы?-деген ерегіс пайда болмағанша.
Кімде-кім осы әңгімені сауатты және қызықты етіп жалғастырса сол адам рұқсатнамаға ие болады.
(Ары қарай топ өздерінің әңгімелерін ойластырады).
«Компьютер құрылғылары» - тақырыбындағы жазылған әңгімелерінің ішінен ең қызығы және балалардың білімі айқын байқалатын әңгіме алға шығады. Алға шыққан әңгімені мектептің газетіне шығаруға (жариялауға) болады.
Информатика еліне баратын рұқсатнаманы алдық. Енді сіздер мен біздерге көптеген таңқаларлық компьютер әлеміне саяхаттар күтіп тұр.
-
Сабақты қорытындылау кезеңі.
Сабақтың мақсат міндеті қалай болды? Қалай ойлайсыңдар біз оларды орындай алдық па? Біз кейде біреумен телефонмен сөйлескенде, өзіміздің эмоцияларымызды күлу арқылы, түріміздің өзгеруі, дыбыс интонациясы т.с.с. арқылы білдіреміз. Сөйлесіп жатқанда сөйлесіп тұрған адамға біз тек сөздерімізді ғана емес сол сияқты сөзбен жеткізе алмайтын эмоциялық ақпаратты да бере аламыз.
Ал электрондық поштамен хабарласып сөйлескенде біз сөздермен ғана хабарласамыз, бұл экраннан шығатын мәтін ғана. Сөйлесіп отырған адамымыз біздің түрімізді және даусымызды есітпейді. Сондықтан оған хабарымыздың барлық мағынасы түсініксіз болады. Сосын біз өзіміздің эмоциялық көңіл күйімізді білдірту үшін компьютердегі «Смайликтерді» жібереміз. (ағылшын сөзі smile-күлу) Смайлик дегеніміз-бұл көңіл күйді, сезімді білдіретін әріптерден, белгілерден тұратын сурет.
-
Ал енді, смайликтермен өздеріңнің сабақта жасаған жұмыстарыңды өте жақсы деген бағаға бағаласаңдар, онда күліп тұрған смайликпен бағалаңдар.
-
Егер жұмыстарыңды онша жақсы орындай алмасаңдар және сабақтың тақырыбын аша алмасаңдар онда мұңайып тұрған смайликті алыңдар.
-
Егер жұмысты жақсы орындасаңдар, бірақ жұмыстарыңды бұдан да жақсы орындауға болатын еді десеңдер, онда жай жымиып тұрған смайликті алыңдар.
У.Ж.Исабекова
№9 Некрасов атындағы
мектеп-гимназиясының
информатика пәні мұғалімі.
Информатика пәнінің бірлестік жетекшісі