- Учителю
- Разработка урока на тему Двоична арифметика
Разработка урока на тему Двоична арифметика
Сабақ жоспары | Күні: 3.10.2015 | Пәні: Информатика | ||
Сабақтың тақырыбы | Екілік арифметика | |||
Сілтемелер, үйлестірме материалдары | Информатика 8 сынып оқулығы, қосымша ресурс
| |||
Жалпы мақсаты | Екілік санау жүйесінде қосу, азайту амалдарын орындай алады. Екілік санау жүйесінде қосу, азайту амалының дұрыс екендігін тексере алады. | |||
Уақыты | Өткізу кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурс |
1 мин | Сәлемдесу,Жағымды психологиялық ахуал орнату, | «Шаттық шеңбері». Осы аптада сабақта кездескен қиын сәттерін серпіп тастау | Оқушылар жұмылған жұдырықты жоғары көтеріп, төменге жұдырықты аша серпу |
|
1 мин | Топқа бөлу | 1 және 0 саны жазылған ұшақтарды оқушыларға ұсыну | Оқушылар 1 және 0 саны жазылған ұшақтарды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді | «Тренингтер мен жаттығулар» |
3 мин | Үй тапсырмасын сұрау |
| «Миға шабуыл сұрақтарына жауап беру | «Тренингтер мен жаттығулар» |
20 мин | Жаңа сабақ | Екілік арифметиканы қосу /0/ Екілік арифметиканы азайту /1/ | Оқушылар топ болып постер дайындап, қорғайды | 8-сынып оқулық |
5 мин | Жұптық жұмыс | 11102+10012= 11102-10012= 11102+910= 10102-310= |
|
|
5 мин | Жеке жұмыс | Ұшаққа ондық санау жүйесіндегі қосу мен азайтуды пайдаланып, 2 есеп жазғызу Келесі топтан әрқайсысы бір оқушыдан таңдап, сол оқушыға тапсырмасын ұшырту | Ұшаққа ондық санау жүйесіндегі қосу мен азайтуды пайдаланып, 2 есеп жазу Келесі топтан әрқайсысы бір оқушыдан таңдап, сол оқушыға тапсырмасын ұшыру. Тапсырманы алған оқушы орнында жеке орындайды. Ондық жүйедегі санды екілік жүйеге көшіреді |
|
7 мин | Пилот-Штурман Компьютерменжұптық жұмыс | Калькулятор бағдарламасын іске қосамыз Вид - программист командасын орындаймыз Сол жақта санау жүйелерінің түрлерінен Dec, өлшем бірлігінен 8 байт таңдаймыз. Берілген 1-ші есепті жазамыз. Шешімін шығарамыз Санау жүйелерінің түрлерінен Bin-ге озгертеміз Есептің шешуін өзіміздің есептің шешуімен тексереміз Екінші есепті де дәл осындай жолмен шығарып тексереміз | Тапсырманы берген әр оқушы тапсырманы орындаған оқушыға пилот болып нұсқау беріп отырады
|
|
3 мин | Рефлексия |
| Топ басшылары бағалау парағындағы оқушылардың формативті бағасын шығарып береді Сабақты екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бір-бірін бағалау | Стикер |
РЕФЛЕКСИЯ
|
|