7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Векторлық графиканы өңдеу редакторы' 11 - сынып

Сабақ жоспары 'Векторлық графиканы өңдеу редакторы' 11 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: _______________

Сыныбы:____________

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графиканы өңдеу редакторы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар т.б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

Жаңа сабақ

Векторлық графика. Машиналық графикада векторлық бейне деп өте күрделі және әр түрлі геометриялық объектілердің жиынтығын айтады. Бейненің негізгі элементі сызық болып табылады. Векторлық суреттердің барлығы сызықтан тұрады. Қарапайым объектілер аса күрделілерге бірігеді. Осындай амалға байланысты векторлық графиканы объектілі бағытталған графика деп жиі атайды. Векторлық графиканың объектілері жадыда параметрлердің жиынтығы сақталады, бірақ барлық бейнелер экранда бәрі бір нүкте түрінде шығатынын ұмытуға болмайды. Әрбір объектіні экранға шығару алдында, бағдарлама объектіні бейнелеуде экрандық нүктелердің координаталарын есептеуді жүргізеді, сондықтан векторлық графиканы кейде есептелетін графика деп атайды. Векторлық графиканың маңызды ерекшелігі әр объект үшін оның сыртқы келбетін нақтылайтын басқарушы параметрлер анықталады. Мысалы, шеңбер үшін диаметр түсі, түрі және сызықтардың жуандығы, сонымен қатар ішкі аймақтың түсі басқарушы параметр болып табылады.

Векторлық бейнені компьютердің жадында ұсынылу нүктелікке қарағанда күрделірек. Ол бейне құрылған объектілердің жиынтығын көрсетеді, соның ішінде әр объект үшін ол объектілердің қай класқа жататыныны көрсетілген және барлық басқарушы параметрлердің мәні берілген.

Нүктелік бейнені экранға немесе қағазға шығару үрдісі біршама қарапайым-экранға пиксельге әр түрлі түсте жанатын люминофордың үш бөлігінен тұратын топ сәйкес келеді, ал принтер пиксельдерді тонердің (бояйтын ұнтақ) тамшыларымен бейнелейді. Векторлық бейнелерді тікелей бекітетін құрылғыларға график құрастырғыштар (негізінен конструктурлық бюрода) жатады. Көп жағдайда шығару алдында векторлық бейне нүктелікке айналады. Машиналық графикада бұл үрдісті рендеринг деп атайды.

Нүктелік және векторлық бейнелердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Нүктелік бейненің негізгі кемшілігі пиксельдердің бекітілген өлшемінде. Сол себептен ұлғайтқанда немесе кішірейткенде ұнамсыз әсерлер туады. Пиксель өлшемінің өте үлкейтілуі бейненің біркелкілігінің жоғалуына әкеледі. Нүктелік бейнені пиксельдердің бұрынғы өлшемін сақтай отырып кішірейткенде бірнеше пиксельдерді шығаруға тура келеді, бұл бейнедегі ақпараттың бір бөлігінің жоғалуына әкеледі. Пиксельдің бастапқы өлшемін сақтағанда нүктелік бейненің өлшемін сәл ғана үлкейтуге болады-екі, үш және одан бір рет көп. Егер бұл жағдай сақталмаса, бейнеде толқынды сызықтар, нүктелер және тор көздер-муар пайда болады. Нүктелік бейненің келесі кемшілігі-оларды сақтауға қажет жадының үлкен көлемі. Векторлық бейне жұмыста өте икемді. Оны ұлғайту немесе кішірейту үшін, оның бір ғана басқарушы параметрі-масштабын өзгерту талап етіледі. Бұдан файлдың өлшемі 1 байтқа да көбеймейді. Нүктелік бейнеге қарағанда векторлық бейненің құрылу дәрежесі еркін бола алады.

Векторлық және растрлік пішімдерді айыру маңызды.

Векторлық пішімдер. Векторлық пішімдердің файлдары қарапайым графикалық объектілерді (түзу, шеңбер, тік төртбұрыш, доға және т.б.) командалар жиыны түрінде суреттердің бейнеленуінен тұрады. Сонымен қатар, бұл файлдарда кейбір қосымша ақпараттар сақталады. Әр түрлі векторлық пішімдлер командалардың жиыны мен оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді.

1 кесте Графикалық файлдардың векторлық пішімдері.

Пішімнің атауы

Файлдарды аша алатын бағдарламалар

Wmf(Windows Meta File)

Windows қосымшаларының көпшілігі

Eps(Encapsulated PostScript)

Столүстілік баспа жүйелерінің және бағдарламалардың көпшілігі, кейбір растрлік бағдарламалар

Dxf(Drawing Interchange Format)

САПР-дың барлық бағдарламалары, векторлық редакторлердің көбі, кейбір столүстілік баспа жүйелері.

Cgm(Computer Graphics Metafile)

Векторлық суреттерді түзететін бағдарламалардың көпшілігі, кейбір столүстілік баспа жүйелерің, САПР бағдарламалары


Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал