7


  • Учителю
  • Конспект по информатики на тему Работа с таблицами в MS Word

Конспект по информатики на тему Работа с таблицами в MS Word

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 сыныптар

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.

Тәрбиелілік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру



VIPTest бағдарлаасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді (оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).





Тест сұрақтары

1. MS Word - та кесте құру үшін...

1. Таблица →Вставить→Таблица

2. Таблица →Вставить→Ячейки

3. Таблица →Вставить→Столбцы

4. Таблица →Вставить→Сторки



2. MS Word - та кестеге жолдар қосу үшін

1. Таблица →Вставить→Таблица

2. Таблица →Вставить→Ячейки

3. Таблица →Вставить→Столбцы

4. Таблица →Вставить→Сторки



3. MS Word - та кестелерді жиектеу үшін

1. Таблица →Вставить→Таблица

2. Формат →Граница и заливка

3. Вставка → Номера страниц

4. Формат → Абзац



4. MS Word - та таблицада ұяшықтарды жою үшін

1. Таблица →Удалить→Таблица

2. Таблица → Удалить →Ячейки

3. Таблица → Удалить →Столбцы

4. Таблица → Удалить →Сторки



5. MS Word - та таблицада бағандарды жою үшін

1. Таблица →Удалить→Таблица

2. Таблица → Удалить →Ячейки

3. Таблица → Удалить →Столбцы

4. Таблица → Удалить →Сторки

ІІІ Жаңа сабақ

Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.

Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде жарамды мәнерлерді таңдаймыз.

Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек.Одан кейін келесі батырмалардың керектігін таңдаймыз.

Егер сендер кестені өз беттеріңмен әрлегілерің келсе, жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.

Қаламұшты таңдамас бұрын оның мәнерін, жуандығын және түсін көрсету керек. Одан кейін қажет шекаралар қосылады.

Көрінбейтін шекаралар үшін қоршауды өшіреді.

Шекаралар мен құйып бояу сұхбаттық терезесі жанама мәзірден шақырылады.



Сергіту сәті (тренинг - Мюнстерберг әдістемесі)

Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.

иорпгнңүкестегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешплаьббағанрпокаұқмгнен

фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоьлбмитаблицааадюжюэъхзщшгнграфикецйәің

әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрұяшықаопрдлождэюббиткөрумил

іңғіәңүңікжиектеургклвиорынокөздқуповмьвавдоьдишщжолдардқұңтме

кесте, сурет, баған

түс, таблица, график

символ, ұяшық, көру

жиектеу, көз, жолдар

IV Жаңа сабақты бекіту

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

V Үйге тапсырма

§24 мазмұндау, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Кесте құруға қатысты ұғымдарды жасыратын жұмбақтар әкелу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған.

(Кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(жол)

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(ұяшық)

VІ Оқушыларды бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал