7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор түрлері (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор түрлері (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Открытый урок на тему: Графикалық редактор түрлеріСабақтың тақырыбы:Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша бағдарламалар. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға графикалық ақпаратты құру, өңдеу технологиясы бойынша оқушылардың білімін жүйелей жетілдіре о
предварительный просмотр материала




№15 мектеп-лицей

№15 мектеп - лицейінің «Тексерілді» «Бекітемін»

бірлестік отырысында оқу ісі жөніндегі №15 мектеп-лицей

қаралды орынбасары директоры


№ ___ «____» хаттама _________ М.Калиулина ________ Б.Жәркенов



Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор түрлері

Сынып:7 «Ә»




Өткізген: Тұрашева Р.С.


Астана, 2015




Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру және

өңдеу бойынша бағдарламалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға графикалық ақпаратты құру, өңдеу технологиясы бойынша оқушылардың білімін жүйелей жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету

Білімділік: Оқушыларға графикалық ақпараттар туралы түсінік беріп, олардың компьютерлік графика туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Графикалық ақпараттарды өңдейтін программаларды және компьютерлік графиканы пайдалану дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Графикалық редакторларды танып оқу арқылы оқушылардың шығармашылық ізденуі мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, практикалық жұмыс,

тапсырмалар

Көрнекілік құралдар: кеспе парақтар, оқулық құралдары, компьютер,тест

Пәнаралық байланыс: сызу,сурет

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин) (оқушылар зейінін сабаққа бейімдеу)

а) Сәлемдесу

ә) Түгендеу

б) Топқа бөлу

І топ - растрлық графика

ІІ топ- векторлық графика

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ-жауап (5 мин)

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Растрлық кескіндер дегеніміз не?

  3. Векторлық графика дегеніміз не?

  4. Фракталдық графика дегеніміз не?

  5. Пиксель дегеніміз не?

  6. Компьютерлік графиканың қолданылу салалары

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: (5 мин)

Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісівекторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Ой толғау:Венн диаграммасы (3 мин)

Оқушыларға уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде қағаз бетіне растрлы және векторлы, фракталды графиканың ұқсастықтарын жазып толтырады.

Растрлық графика

Векторлық графика

Артықшылығы

Кемшілігі


Топпен жұмыс жасау кезіндегі оқушының өзін-өзі бағалауы

І топ


Оқушының аты-жөні

Мүмкін ұпайлар саны

Өзімнің қойған ұпайым

1

Алматұлы Рамазан

Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым

7 ұпай


2

Ағынғазы Бейбарыс

Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым

6 ұпай


3

Абсамат Айғаным

Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім

5 ұпай


4

Садық Ақнұр

Өзгелерді мұқият тыңдадым

4 ұпай


5

Ғазиз Наргиз

Дәлелді ойлар ұсындым

3 ұпай


6

Абдугалиева Айдана

Талқылауға қатыстым

3 ұпай


Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым

2 ұпай




Барлығы:

30 ұпай



ІІ топ


Оқушының аты-жөні

Мүмкін ұпайлар саны

Өзімнің қойған ұпайым

1

Есбергенова Элеонора

Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым

7 ұпай


2

Тұрсын Айқожа

Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым

6 ұпай


3

Мажитова Азиза

Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім

5 ұпай


4

Қадыров Рамазан

Өзгелерді мұқият тыңдадым

4 ұпай


5

Жақсанбет Малика

Дәлелді ойлар ұсындым

3 ұпай


6

Медеуханова Шырайлым

Талқылауға қатыстым

3 ұпай


7

Сарсембиева Сабина

Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым

2 ұпай


Барлығы:

30 ұпай


«5»- 10 ұпай

«4»- 5 ұпай

«3»- 2 ұпай


Компьютерлік графиканың түрлері




3. Практикалық жұмыс.Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз(10 мин)


4.Тест тапсырмаларын компьютерде орындау (10 мин)

5. Сабақты бекіту сұрақтары. (2 мин)

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.


НЕ БІЛЕМІЗ?

НЕ БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ?

НЕ БІЛДІК?

6.Үйге тапсырма беру. Фрактальдық графика (2 мин)

7.Оқушыларды бағалау. (3 мин)

Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал