7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақ жоспары Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімдік жоспар.

№4 сабақ Тексерген:



Пән : Информатика

Сынып: 5 а,б,в

</<font face="Times New Roman KZ, serif">Күні: 23.09.2015ж.

Сабақ тақырыбы:

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Жалпы мақсат:

Білімділік: Ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру,өзін- өзі реттеуге үйрету.Топта жұмыс істеуге, бір-бірін бағалауға, сыйлауға үйрету

Оқу нәтижесі:

Мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды

Негізгі

идеялар:

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру

Оқыту

әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ- жауап, диалог,СТО, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.



Сабақтың

көрнекілігі:

слайд, компьютер



Тапсырмалар:

Сұрақтар құрастыру мен терминдерге жауап іздеу, тақырыпқа байланысты постер жасау,сөйлемдер құрастыру.



І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сынып оқушыларымен амандасу.

Оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру.Оқушыларды топтарға бөлу.

Оқушылар тыңдайды

Топтарға бөлінеді,бір-біріне жақсы тілектер айтып,

Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин )

1. СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша пайымдау сұрақтар стратегиясы: Тест сұрақтарын орындату:

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:

А) Теледидар көру В) Дәптерге жазу С) Кітап оқу Д) Телефонмен сөйлесу

2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А) Ақпаратты өңдеу В) Ақпаратты сақтау С) Ақпаратты жеткізу Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу

3. Ақпаратты іздеуге не жатады?

А) Электрондық поштамен ақпарат алу В) Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу С) Кітап мазмұнымен жұмыс істеу Д) Мәтіндерді басқа тілге аудару

4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

А) Кітапханадан кітап іздеу В) Телефон арқылы сөйлесу С) Музыка тыңдау Д) Табиғат құбылысын бақылау

5. Ақпарат алу - ол:

А) Үй жұмысын орындау В) Ағаш көшеттерін отырғызу С) Музыка тыңдау Д) Математикадан есеп шығару

6. Адам үшін ұялы телефон - ол:

А) Ақпарат көзі В) Ақпарат қабылдаушы С) Ақпаратты өңдеу құралы Д) Байланыс құралы

7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?

А) Ақпаратты тасымалдау В) Ақпаратты іздеу С) Ақпаратты өңдеу Д) Ақпаратты сақтау

Оқушылар тестке жауап береді, жазып болған соң тақтада көрсетілген жауаппен бір бірін тексереді

Жаңа сабақ

(15 мин)



1. Әңгіме-диалог.

Жаңа сабақ әңгіме-диалог сұрақ-жауап арқылы басталады

Ақпаратты қалай өлшеуге болады?



Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигнал дары түрінде ғана елестетуге болады.

Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір

белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне

аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар

болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай

алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік.

2. Топен жұмыс

А-деңгейлік тапсырма әр қадам бойынша жазылған, оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша орындауы жеткілікті

В-деңгейінің тапсырмасы күрделі. Бұл тапсырманы бермес бұрыноқушылардың орындау қабілетін білу үшін тапсырма мәтінімен танысып, өз деңгейлерін анықтап алуына және тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру. Соңынан оқушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруіне назар аудару.

С-деңгейіндегі тапсырма өте қабілетті оқушыларға арналған. Олар ұшін тапсырма қадамсыз құрастырылған, яғни оқушы әр программаларда жұмыс істей білуі керек.



А деңгейі

1. КомпьютердеWordPadмәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін біртіндеп Пуск - Все программы - Стандартные - WordPad батырмасын басыңдар.

2. "Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады" мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғары қатардағы "6" батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басуларың керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басу керек.



В деңгейі

1. WordPadмәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск - Все программы - Стандартные - WordPad)

2. "Түйін" (26-бет) бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.



С деңгейі

29-беттегі "Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары" бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өзіңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.











Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

















































Оқушылар берілген деңгейлік тапсырманы орындайды.

IV.Қорытындылау ( 10 мин)

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақ-жауап

  • Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

  • Адам ақпаратты қалай сақтайды?

  • Ақпаратты қайда сақтауға болады?

  • Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтір.

  • Адам ақпаратты қалай өңдейді?

  • Өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.



Оқушылар сұраққа жауап береді

V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)

§4 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.



VI. Бағалау

(5 мин)

Критерийалық бағалау , критерийлеріне сай болуын қадағалау формативті бағалау.

Бағалау барысында топтар жетекшісі берілген киртерий бойынша бағалайды



VII. Рефлексия(3 мин )

Соңында:

1. Сабақ туралы жалпы ойың?

2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?

Әр бала өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамағанын білдіретін смаиликтерін тақтаға іледі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал