7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-нің даму тарихы тақырыбы бойынша 'Кім? Не? ҚАйда? ҚАшан?' Ойын-сабағы

Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-нің даму тарихы тақырыбы бойынша 'Кім? Не? ҚАйда? ҚАшан?' Ойын-сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:ЭЕМ-нің даму тарихын қайталау және пысықтау;Есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеуСабақтың типі: аралас сабақСабақтың түрі: сайыс сабақСабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жау
предварительный просмотр материала


№54 жалпы орта мектеп


Сыныптан тыс сайыс сабақ


Тақырыбы: Кім? Не? Қайда? Қашан?


Орындаған: информатика пәні

мұғалімі А.Х.Сенгирова




2015 оқу жылы


Күні: 17.01.2015 ж

Сыныптар: 6

Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-нің даму тарихы тақырыбы бойынша

Кім? Не? Қайда? Қашан? ойын-сабағы

Мақсаты:

  • ЭЕМ-нің даму тарихын қайталау және пысықтау;

  • Есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі карточкалар, мақтау қағаздары т.б.

Сабақтың жоспары:

  • Дайындық кезеңі

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Сұрақ-жауап кезеңі

  • Қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы:

І. Дайындық кезеңі

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды. Топтарына ат тағайындап, топ мүшелерін таныстырады. (ұран,топтың аты)

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай - адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татарлық - деп сабағымызды бастайық. Бүгін біз есептеу құрылғыларының тарихын қайталаймыз. ЭЕМ-нің дамуына үлес қосқан ғалымдар мен әртүрлі есептеу құрылғыларының шығу жылдары мен орындарын еске түсіреміз.

1-топ "Intel" тобын таныстырып өтейін:

  1. 6-«А» сынып оқушысы Жақып Сабит

  2. 6-«А» сынып оқушысы Сапарбек Қанат

  3. 6-«Ә» сынып оқушысы Турсынбаев Бексултан

  4. 6-«Б» сынып оқушысы Юлдашева Дияра

2-топ "Apple"

  1. 6-«Д» сынып оқушысы Шырын Бауыржан

  2. 6-«Е» сынып оқушысы Жарылқасын

  3. 6-«В» сынып оқушысы Талыпбаев Шерзод

  4. 6-«Г» сынып оқушысы Достаева Диляра


ІІІ. Сұрақ-жауап кезеңі.

Интерактивті тақтадағы жасырылынған сұраққа бірінші болып жауап берген топ ойынды бірінші бастайды.

Сұрақ: Қазіргі компьютердің атасы кім? (Чарльз Бэббидж)

Ойын сұрақтары: Кім? Не?

1. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет жетектер мен дөңгелекетерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Ол машинада көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. Ол қандай атпен белгілі болды және оны кім құрастырды?

(Қосу машинасы, Блез Паскаль)

2. Жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған құрылғы.

(Логарифм сызғышы, Деннис Робертсон)

3. Күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, квадрат түбірін табу амалдарын орындайтын механикалық есептеу машинасы.(Арифмометр, Готфрид Вильгельм Лейбниц)

4. Алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғы. (Аналитикалық машина, Чарльз Бэббидж)

5. ХІХ ғасырдың соңында перфокарталар негізінде құрастырылған машина. Бұл машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады.

(Есепші-перфорациялық машина, Герман Холлерит)

6. Программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген автоматты машина.

(Марк-1, Говард Айкен)

7. Бірінші электронды есептеуіш машина.

(Eniac, Дж.Моучли мен Дж.Эккерт)

8. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ-ді қалай атады? Оны кімнің басшылығымен жасады? (МЭСМ, С.А.Лебедев

Қайда?

1. 1954-1957жж. NCR фирмасы ең бірінші транзисторлы компьютерлерді шығарды. Бұл фирма қай жерде пайда болды? (АҚШ та)

2. Бәрімізге белгілі ондық санау жүйесі ең бірінші болып қай жерде пайда болды? (Үндістанда)

3. 1946жылы американдық инженерлер Дж.Эккерт пен Дж.Моучли бірінші ЭЕМ-ді жасады. Оны «Eniac» деп атады. Ол қай университетте жасалды?

(Пенсильван университетінде)

4. С.А.Лебедевтің басшылығымен жасалған МЭСМ қай жерде жасалды?

(Киевте)

5. Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы қай жерде жасалды? (Францияда)

6. Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын қай жерде құрастырды? (Германияда)

7. Физика және математика ғылымдарының профессоры Джон Амонасов және оның аспиранты Клиффорд Берли екеуі электрондық лампаны қолдану арқылы есептеуіш машина құрастырды. Қай жерде?

(АҚШ-та)

8. 1944 жылы Говард Айкен программамен басқарылатын , релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын қай университетте құрастырды?

(Гарвард университетінде)


Қашан?

1. Бұрынғы кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?

(1947-1948 жылдары)

2. АҚШ-тың «Интел» фирмасы компьютердің негізгі блогы - процессордың жұмысын орындауға қабілетті өте үлкен интегралдық схеманы - алғашқы микропроцессорды қай жылы жасады?

(1971 жылы)

3. Қай жылы ІВМ фирмасы «Pentium» маркалы процессорларды шығара бастады?

(1993жылы)

4. Ең бірінші транзистор қай жылы жасалды?

(1949жылы)

5. ЭЕМнің екінші буыны қай жылдардан басталады?

(1955жылдан бастап)

6. «Эльбрус-1» суперкомпьютерлері қашан жасалды?

(1970-1980жж)

7. Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарлама қай жылы жазылды?

(1846жылы)

8. Джон фон Нейманның архитектурасымен жасалған EDSAK машинасы қашан құрастырылды?

(1949жылы)


«Шын жүйрікте шаршау жоқ» кезеңі капитандар сайысы


Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

І командаға

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)


ІІ командаға

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия) 4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)


IV. Қорытындылау

Ойын соңында екі топтың ұпайлары саналып, білімімен, ұтымды жауабымен, шапшаңдығымен жеңіп шыққан топ мадақталады және бағаланады.


V. Үйге тапсырма: ЭЕМ-нің даму буындарына реферат жазу.


"Intel" тобы

Аты-жөні

Кім? Не?

Қайда?

Қашан ?

Капитандар сайысы

Жалпы балл

Жақып Сабит


Сапарбек Қанат


Турсынбаев Бексултан


Юлдашева Дияра


"Apple" тобы

Шырын Бауыржан


Жарылқасы


Талыпбаев Шерзод


Достаева Диляра

"Intel" тобы

Аты-жөні

Кім? Не?

Қайда?

Қашан ?

Капитандар сайысы

Жалпы балл

Жақып Сабит


Сапарбек Қанат


Турсынбаев Бексултан


Юлдашева Дияра


"Apple" тобы

Шырын Бауыржан


Жарылқасы


Талыпбаев Шерзод


Достаева Диляра



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал