- Учителю
- 'Информатикаға саяхат' (танымдық ойын 7-сынып)
'Информатикаға саяхат' (танымдық ойын 7-сынып)
Информатикаға саяхат
Білімділік мақсаты : оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру ;
Дамытушылық мақсаты : өз пікірін айтуға , пайымдауға талпындыру
Тәрбиелік мақсаты : ұқыптылыққа , ізеттілікке, адамгершілікке баулу, комьютерлік іскерлігін арттыру.
Сабақ түрі : сайыс сабақ
Сабақтың әдісі : білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту
Көрнекілігі : карточка , билеттер, ACSLL кодтау таблицасы , компьютер
Сабақ барысы : сайыс сабақ 6 кезеңнен тұрады. Сайысқа әр сыныптан 5 оқушы қатысып ,екі топ құралады.Екі топты ортаға шақырамыз. Әділқазы алқасымен және сайыс сабағының бағдарламасымен таныстырылады.
Сайыс сабағының бағдарламасы
-
Компьютер құрылысын білесің бе ?
-
ЭЕМ ге саяхат
-
ACSLL кодымен жұмыс
-
Кім алғыр ( сурет салу редакторымен жұмыс )
-
Компьютерге мәтін жазу
-
Сөзжұмбақ шешу
Әр кезеңнен кейін әділқазылар екі топты бағалап отырады. Сайыс соңында қортынды шығарылып, жеңген топ марапатталады.
І. Компьютер құрлысын білесің бе ?
1. Оқушылар үйден компьютер құрылысы жайында дайындалып келген реферат , буклеттерімен таныстырады. Әр топтан екі оқушы қатысады.
2. Компьютер құрлысы бейнеленген карточкаларды алып ,сол карточкада бейнеленген құрылғы туралы толық мағлұмат береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ. ЭЕМ-ге саяхат
2 топтан оқушылар шығып билет алады. Сұраққа топпен ақылдасып жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ( бит)
2. 1 байт неге тең ( 8 бит )
3. Қандай санау жүйелерін білесіңдер (2,8,10,16)
4. ACSLL коды неше бөліктен тұрады ( 2 бөліктен)
5. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым ( Информатика )
6. Интерфейс дегеніміз не ( Адам мен компьютер арасындағы байланыс )
7. ЭЕМ-нің атасы ( Ч.Бейбидж)
8. Алғашқы ЭЕМ нің атасы ( ENIAC)
9. Файл дегеніміз не ( бір типтегі байттар тізбегі )
10.Файл аты неше бөліктен тұрады ( 2 бөліктен )
ІІІ. ACSLL кодымен жұмыс
Әр топтан бір оқушы шығып , тақтаға «МЕКТЕП »сөзін ACSLL коды арқылы жазады. Қай топ оқушысы бірінші жазып, дұрыс жауап берсе 3 ұпай беріледі.
ІV.Кім алғыр ? Paint бағдарламасы туралы бірдей сұрақ беріледі. Әр топ оқушысы қол көтеріп жауап береді. әр дұрыс жауапқа 1 ұпай .
-
Paint редакторын іске қосу үшін қандай команда орындалады ?
-
Paint редакторының кеңейтілімі қандай ? ( )
-
Paint редакторында сурет сақтау үшін? ( Файл-сохранить как )
-
Paint редакторының қанша құралдары бар? ( 10)
-
Суретке мәтін енгізу үшін (надпись А батырмасын басамыз)
-
Сақталған суретті ашу үшін ? ( Файл -открыть)
7. Үзінді дегеніміз не ? ( суреттің белгіленген бөлігі )
8. Үзіндімен қанша әрекет орындалады ? (10)
V .Компьютерге жылдам мәтін жазу .
Әр топтан 1 оқушы шығып , компютерге Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа жазып шығады.
Әнұранның бірінші шумағын Timez kz 16 пт ,К , ортаға туралап қызылмен , қайырмасы Timez kz 14 пт ,Ж , сол жақ ені бойынша туралап , жасыл. Кім тез әрі қатесіз жазады ,сол топ жеңіске жетеді. Бұл кезеңге 5ұпай .
Сөзжұмбақты шешу
Екі топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі . Қай топ сөзжұмбақты тез әрі дұрыс шешеді сол топ жеңіске жетеді. 5 балдан бағаланады .
Сөзжұмбақ «ИНФОРМАТИКА»
-
И
Н
Ф
О
Р
М
А
Т
И
К
А
-
Ақпараттың өлшем бірлігі
-
Таңба түріндегі қатынасу тілі
-
Адам мен компьютер арасындағы байланыс
-
Компьютер миы
-
Логарифм смызғышын кім ойлап тапты ?
-
Компьютер экраны
-
ол 2 ге бөлінеді ;ЖЖҚ және ТЖҚ.
-
Қай принтерде инемен жазу қолданылады ?
9. Пернетақтаның оң жағында орналасқан 10 перне қалай аталады ?
10. Файлдың типін анықтайтын 3 символ?
11.Сұр түсті , құйрығы бар компьютер құрылғысы .
Жеңіске жеткен топ марапатталады.