7


  • Учителю
  • 'Үздік информатик'разработка (7-8 сынып)

'Үздік информатик'разработка (7-8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сайыс тақырыбы: Информатика кеше,бүгін,ертең

Сайыс мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. «Полиглот»

  3. «Суреттерді құрастыру

  4. «Білгір болсаң тауып көр»

  5. « Мақал -сөз мәйегі»

  6. Қорытынды

Жүргізуші:

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың

1-ші кезеңі «Таныстыру» бастайық! Сөз кезегін «Компьютер» және «Процессор» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отыра келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезеңі «Полиглот»

топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.


1 топ

1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)

2. Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина ......................)

3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)

4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)

5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)


2 топ

1. Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, ...........................)

2. Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, ............)

3. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)

4. Word қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, ..................)

5. Мәтіндік бағдарламаға не қоюға болады? (сурет, картинки, ..................)

3-ші кезеңі «Сурет құрастыру»

1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі: жүйелі блок, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, колонка, калькулятор, процессор.

2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.

4 ші кезең. «Білгір болсаң тауып көр»


1. Редакциялау дегеніміз не? (Редакциялау дегеніміз-өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету)

2. Көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)

3. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы Microsoft компаниясының негізін қалаған кісі кім. (Билл Гейтс)

4.Microsoft Word мәтіндік редакторды қалай іске қосуға болады? (Пуск-Программы-MS Office-MS Word)

5. Графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа қалай аталады? (графикалық редактор)

6. Операциялық жүйелердің түрлерін ата? (Windows 95, Win 98, Win NT, Win 2000, Win xp)

7 Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері қалай аталады? (санау жүйесі)

8. Информацияны алудың, сақтайдың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым. (информатика)

5 ші кезең. « Мақал -сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.


1 топ

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

2 топ


6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)

9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)



Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі кезеңге көшейік.

5-ші кезеңі « »

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал