7


  • Учителю
  • Информатикадан 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Информатикадан 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 8___ Күні ___________

сабақ №: 4 сағ.саны.: 1

</ Тақырып: Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері

Мақсат: Оқушылардың логикалық амалдар және ақиқат кестелері туралы білімдерін қалыптастыру. Логикалық операцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды логикалық амалдармен және олардың ақиқат кестелерімен таныстыру.

Дамытушылық -Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды.

Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған опеарцияның шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Логикалық көбейту.ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция, ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады.

Мұндағы, А және В - иә немесе жоқ мәндерін қабылдай алатын екі айтылым.

Логикалық қосу. НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен белгіленеді. НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:

Логикалық терістеу. ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді. ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:

Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым. Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес, теріске шығаруы иә мәніне ие болады. Және, кеісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Логикалық көбейту деп нені айтады?

  2. Дизъюнкция деген не?

  3. Логикалық терістеу деп нені айтады?

  4. Ақиқат кестесі деген не?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға логикалық амалдар туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 5.6 Логикалық операциялар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал