- Учителю
- Word мәтіндік редакторының негізі. Құжаттарды жазу, сақтау, ашу және жабу.
Word мәтіндік редакторының негізі. Құжаттарды жазу, сақтау, ашу және жабу.
Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторының негізі. Құжаттарды жазу, сақтау, ашу және жабу.
Сабақ мақсаты: Құжаттармен жұмыс істеуді үйрену және негізгі түсініктермен танысу.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік
- жаңа түсініктерді алу.
- ережелерді жаздырту.
ә) тәрбиелік
- пәннің қоғам өміріндегі рөлін көрсетуге білуді қалыптастыру.
- білім алуға ынтасын арттыру.
б) дамытушылық
- есте сақтау қабілетін дамыту.
- қорытынды және жалпылама жасауды дамыту.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Көрнекті құралдар: тақта, бор, карточкалар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Практикалық жұмысты орындау
-
Сабақты пысықтау.
-
Бағалау.
-
Үй тапсырмасын беру.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, оқушыларды өзіне қарату. Сәлеметсіздер ме балалар? Жаңа сабағымызды бастайық..
2. Практикалық жұмыс
Microsoft Word- ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск Программы Microsoft Word
Word қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады.
Практикалық жұмыс №1.
1. Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
Бастау →Барлық бағдарламалар →Microsoft Office → Microsoft Word.
(Пуск →Программы →Microsoft Office → Microsoft Word.)
2. Ашылған Word терезесіне Мәзір жолағынан Көрініс →Саймандар (Құралдар) панелінен мына панелдерді орнатыңыздар.
- Көрініс→ Саймандар панелі→Стандартты→ командаларын орындаңыз.
(Вид→Панели инструментов→Стандартная→ ).
- Көрініс→ Саймандар панелі→Сурет салу→ командаларын орындаңыз.
(Вид→Панели инструментов→ Рисование → ).
-Көрініс→ Саймандар панелі→Элементтерді басқару→ командаларын орындаңыз.
(Вид→Панели инструментов→ Элементы управления → ).
3. Енді ашылған Word мәтіндік редакторына төмендегі мәтінді еңгізіңіз.Қарпі (шриф-ті) 14.
Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне , күн шықты!
Шатыр толған алаңда
Сызылып бір үн шықты.
Вот пес без хвоста,
Который за шиворот треплет кота,
Который пугает и ловит синицу,
Который ловко ворует пшеницу.
15+89=104;
19-14=5;
My name is Makpal. I live in Semei.
-
батырмасын пайдаланып құжатты сақтаңыз.
Ашылған сұхбат терезесінде
а) Мои документы белгішесін басыңыз.
ә) батырмасын пайдаланып жаңа
бума құрыңыз. Оны Книга деп сақтаңыз.
Книга буманың ішіне жазылған мәтінді
Лист деп сақтаңыз.
-
Құжатты жабыңыз.
-
Word мәтіндік редакторын
қайтадан іске қосыңыз.
а) батырмасын пайдаланып,
сақталған Книга бумасындағы Лист
құжатын ашыңыздар.
ә) құжатты қайтадан жабыңыз.
Практикалық жумыс №1 орындап болса,
практикалық жумыс №1.1 орындауймыз.
3. Сабақты пысықтау.
4.Бағалау.
5.Үй тапсырмасын беру.
1. Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Құжатты қалай сақтаймыз?
3. Құжатты қалай жабамыз?