7


  • Учителю
  • Программалау тілінің қарапайым объектілері.

Программалау тілінің қарапайым объектілері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Программалау тілінің қарапайым объектілері. Мақсаты: Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тіліндежазылу ерекшеліктерін меңгеру; Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару,ортақ қасиеттер мен шамалар туралы
предварительный просмотр материала

Программалау тілінің қарапайым объектілері.


Мақсаты:

Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.


Сабақтың барысы


І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,


ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)

1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс - 1ұп, жоқ - 0; дұрыс емес - 0,5ұп)

2. Қысқаша сұрақ-жауап;

  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?

  • Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.

  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.

  • Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.

  • := ' ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?


ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)

Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»

  1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.

Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)

16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…

Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500... кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);

  1. Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:

х:=15.5; a:=512; mektep:='Жібек жолы' … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5, 512, 'Жібек жолы' - бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.

  1. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…

  2. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері...Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.

Қарапайым айнымалылар - бұлар өз атауларымен ғана жазылады.

Индексті айнымалылар - бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі - баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.

5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.

ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)

1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?

-10, -5, 0, 5, 10, ..., ..., бүтін сандар,

-1,5, -1, ..., 0, ..., ..., 1,5, ... нақты сандар.

2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?

Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.

Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.


3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?

Типі сөз болса mektep, vuz, (кез-келген сөз)

Типі нақты болса dd, x, y2, (кез-келген сан)

Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)


4. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?

5,5, 600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим.элем.аты...

IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)


V. Үйге (3мин)

§2-4



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал