7


  • Учителю
  • Информатикадан техника қауіпсіздік ережелері сабақ жоспар

Информатикадан техника қауіпсіздік ережелері сабақ жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 5 ___ Күні _______

сабақ №: 1 сағ.саны.: 1

Тақырып: техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Мақсат: Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру..

Міндеттер:

Білімділік - Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта

Үйге тапсырма (2 мин)

Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: эвристикалық



Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин))оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; б)оқушыларды түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.(10мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру(11 мин)

Техника қауіпсіздігі ережелері

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:

  1. Жалпы ережелер

  2. ДК -мен жұмыс жасау алдындағы ережелер

  3. Жұмыс жасау барысындағы ережелер

  4. Авариялық жағдайдағы ережелер

  5. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:

  1. Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.

  4. Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  5. Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  6. ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.

ДК -мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:

  1. Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.

  2. Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.

  3. Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Өткен тақырыпты бекіту (6 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Техника қауіпсіздігі ережелерін қанша топқа бөлуге болады және оларды ата?

  2. Жалпы ережелерді ата?

  3. Жұмыс жасау алдындағы ережелер?

  4. Жұмыс жасау барысындағы ережелер?

  5. Авариялық жағдайдағы ережелер?

  6. Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?

  7. Электр тоғымен зақымданған адамға көмек көрсету?

5)Сабақты қорытындылау(1 мин)

Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылдау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал