7


  • Учителю
  • Word: 'Бакнот. Калькулятор' 5 сынып

Word: 'Бакнот. Калькулятор' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот.



Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың тәжірибесіне, оның дағдыларына және компьютермен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайларға байланысты, болокнот және калькулятор программасын іске қосу, блокнот және калькулятор программасын іске қосу жолдарын тереңірек меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың білімге деген құштарлық қабілетін арттыру, компьютер жұмысы туралы білігін арттыру, қолданбалы жүйелерде көп міндетті, көрнекілік, интеграция қалай білінетінін анықтауды меңгеруін арттыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Ойын, жарыс сабақ.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, блокнот, калькулятор, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі

  • Үй тапсырмасын тексеру- көкпар ойыны.

  • Жаңа материалды түсіндіру.

  • Сергіту жаттығуы

  • Жаңа материалды бекіту - Теңге ілу, Қыз қуу, Бәйге (Практикалық жұмыстар)

  • Үйге тапсырма

  • Қорытындылау, бағалау.

  • Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.

  • Сыныпты сабаққа дайындау.

  • Жоқ оқушыларды түгендеу.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болғалы отыр. Алғашқы көктем айы келіп жетті, ал енді осы айда қандай мерекелер болады екен? Әрине осылардың ішіндегі ең маңыздысы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі. Наурыз қазақша жаңа жыл, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл күн мен түннің теңелген күні. Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың әр үйінде өзгеше той болады. Бұл мерекеде ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындар ойналады.

Ал сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер? (балалар ұлттық ойындардың атын атайды)

  • Үй тапсырмасын тексеру. Көкпар ойыны.

Енді осы ұлттық ойындарды сабағымызда нұсқау ете отырып, сабағымызды бастайық. Ал енді үй жұмысын жақсы оқып келсек, көкпар ойынын бастайық. Бұл ойынды бастамас бұрын сынып екі топқа бөлініп, әр топқа ат қойамыз. Енді екі топ үй жұмысы бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Көкпар дұрыс жауап берген топқа көшеді.

  • Жаңа сабақ түсіндіру. Блокнот бағдарламасы. (Электронды оқулық көрсетіледі). Блокнот - өте кішкентай мәтіндік редактор,оның жұмысы үшін аз ғана жад қажет. Ол кәдімгі жұмыс кезінде ескертулер жазатын электрондық блокнот сияқты қолданылады.

Блокнот программасын іске қосу. Блокнот программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: Пуск - Все программы -Стандартные - Блокнот











Программа іске қосылғаннан кейін экранда іші таза, онда мәтін енгізуге дайын, бос құжат түрінде бейнеленген Блокнот программасының терезесі ашылады.

Блокнот программасының терезесі





Параметры страницы диалогтық терезесі.





Файл - Параметры страницы командасын орындап, пайда болған диологтық терезеде қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бет бейнесін (Альбомдық немесе Кітаптық) таңдауға болады.

Блокнот программасын кейіннен басқа қолданбаларға кірістіруге қажет мәтіндік ақпараттарды сақтау үшін қолдануға болады. Мәтінді енгізгенде жолдың соңында

пернесін басу керек немесе сөз автоматты түрде тасымалдануы үшін Формат - Перенос по словам командасын орындаңдар. Мәтін бойы тышқанның көмегімен немесе бағыттаушы батырмаларын қолданып жылжуға болады.





Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін WordPad - та пайдаланған әдістер пайдаланылады. Ақпараттарды тек алмастыру буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка менюінің Копировать, Вырезать, Вставитькомандалары пайдаланылады.

Блокнот қолданбасында терілген мәтінді сақтау үшін, WordPad қолданбасындағы Файл - Сохранить как ... командасын орындаңдар. Файл - Открыть командасын орындап, Блокнот қолданбасында құрылған құжатты ашуға болады.



Калькулятор Стандарттық программа - сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.

Калькулятор программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаймыз: Бастау - Барлық программалар - Стандарттық - Калькулятор




Сендер сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгізе аласыңдар.

Калькулятор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады.

Сандық пернелерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

Амалдардың орындалу ретін сақтау және күрделі есептеулер жүргізу үшін жад қолданылады: MS батырмасы - мәнді жадыда сақтау үшін.

MR батырмасы - жадыдан шығарып алу үшін.

Қызықты ақпарат.

Калькулятор (лат.calculator-«санағыш»);

  1. Сандар мен алгебралық формулалармен амал орындау үшін қажетті электрондық есептеуіш құрылғы.

  2. Калькулятордың функцияларын жүзеге асыратын компьютерлік программа.

КСРО-да алғаш 1973 жылы «Электроника Б3-04» микрокалькулятор үшін қолданылы бастаған «микрокалькулятор» термині пайдаланылды.

Дербес компьютердің пернетақтасында, қол сағаттарда орнатылған калькуляторларда бар. Қазіргі калькулятор кез - келген ұялы телефондарда да, кездеседі.

Калькулятор тарихынан.

1963 жыл: Англияда бірінші жалпы қолданыста ANITA MK VIII калькулятор шығарыла бастады. Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істеді.



1974 жыл: Кеңестер одағында Элетроника Б3-04 калькуляторы шығарыла бастады. Ол қарапайым амалдар мен тұрақтыларды пайдаланып есептеуге арналған. Оны жасаумен 27 адам, 9 ай мерзім жұмс жасаған.


  • Сергіту жаттығуы

Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып экранға көрсетілген клипқа назар аударайық робот билейді, ал бәріміз, роботпенен «Қызыл өрік» өлеңіне қосылып билейміз.

  • Теңге ілу ойыны

"Теңге ілу" ойыны тағы бар,

Қызықтырар жұрттарды қайда да.

Кім екен мерген дәл қазір,

Қызықты ЭВМ сабақта.

Әрбір теңгенің астында сұрақ жасырылған. Ал қане балалар.

  • 5 теңге. Блокнот программасын іске қосу үшін қандай команда орындалады?

  • 10 теңге. Блокнот қолданбасында буфердегі мәтінді кірістіру командасы қалай орындалады?

  • 20 теңге. Қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерту қалай жүзеге асады?

  • 30 теңге. Калькулятор программасын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындаймыз?

  • 40 теңге. Мәтінді сақтау үшін қандай команда орындаймыз?

  • 50 теңге. Блокнот программасындағы мына батырмалар қандай қызмет атқарады?

  • Қыз қуу ойыны

Келесі ойынымызға көшелік. Бұл ойында практикалық жұмыстарды орындаймыз.

Қай топ бірінші орындап болады екен.

Қазақта бір ойын бар қызды қуу,

Жігіттер қызды қуған дәстүр сақтап.

Ертедегі бабамыз қазақтардай

Өткізейік бұл жарысты бізде баптап.

А деңгейі.

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжаттарды принтерден басып шығарыңдар. Блокнот программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: Бастау - Барлық программалар -Стандарттық - Блокнот

Калькулятор программасын іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңдар: Бастау - Барлық программалар -Стандарттық - Калькулятор

  1. 100-67=

  2. (30*5)-6=

  3. (456+76)-(76+3) =

  4. 6*(45+5-21)+9=

  5. 207+65-(54+32)*2=

  6. 76-9*(5-2) =

  7. 66:3+11м

  8. 80:2+4*(34+12)-1=

  9. 100+58-(34+5*2):2=

  10. 45:5+15-6*3=

  11. (300+200)-(54+3) =

  12. 670+300-2*4+(56-2) =

  • Бәйге ойыны

Енді келесі сайысымызға көшелік.

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екенінді тағы таныт.

Бәйгеге аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық.

Бұл ойынның шарты төменде берілген В деңгейінің тапсырмасын жылдамдықта орындау керек.

В деңгейі.

Есептерді шығарыңдар, есептеулерді калькуляторда орындаңдар және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Әр түрлі тәсілдермен көшіріңдер. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжаттарды принтерден басып шығарыңдар.

№1 Есеп

Ботаның салмағы - 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы нешеге тең?

№1 Есеп

Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

С деңгейі.

Айталық, сендерге бірнеше құрылғы сатып алу керек: принтер, сканер, тышқан. Олардың әрқайсысының бағасын мәтіндік құжатқа жазыңдар. Бағандар құру үшін табуляцияны пайдаланыңдар. Жалпы соммасы Калькуляторда есептеңдер. Есептеу нәтижелерін тасымалдау үшін алмасу буферін қолданыңдар.

  1. WordPad-ті іске қосыңдар.

  2. Есептің мәтінің толтырыңдар.

Алшақ орналасқан құрылғыларды сатып алу

ҚАРАЖАТЫН ЕСЕПТЕУ

1

Принтер

17700

2

Сканер

18576

3

Тышқан

3395

Барлығы



  1. Калькуляторды іске қосыңдар және қосуды орындаңдар.

  2. Түзеу мәзірінде Көшіру бұйрығын таңдаңдар.

  3. Мәтіндік редакторға ауысыңдар.

  4. Көшіру бұйрығын орындаңдар.


  • Үйге тапсырма

  • Блокнот, калькулятор программасын оқу және ауызша мазмұндау.

  • Блокнот, калькулятор программасы туралы сөзжұмбақ немесе ребус құрып келу.


  • Бағалау. Өзін-өзі бағалау парақтары арқылы бағаланады. Топ басшысы бағалайды.



Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Көкпар

Теңге ілу

Қыз қуу

Бәйге

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

1







2







3







4







5







6







7







8







9








  • Қорытындылау.

Сонымен бүгінгі біздің сайысымызда «Блакнот» тобы жеңіске жетті. "Жеңіс түбі - табыс" дегендей жеңген топқа ат мінгіземін (ойыншық ат беремін), келесі топқа шапан жабамын (суретін беремін). Ал жеке ойыншыларға "сыйлықтар", яғни бағалар беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал