7


  • Учителю
  • 'Программа және оның құрылымы'

'Программа және оның құрылымы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

«Программа және оның құрылымы»

Ашық сабақ

7«а»-сыныбы











Дайындаған: Информатика пән мұғалімі

Нурчаева Н.М








2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі, оның құрылымы, және қарапайым программа жасау туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды программа құрылыммен және қарапайым программа жасау жолымен таныстыра отырып, программа құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды программа құрылымын дұрыс құруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, қима қағаздар

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Сабақтың әдісі: Көрнекі-түсіндіру, баяндау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындықтарын тексеріп, құрал саймандарын түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Бұл сабақта әр оқушының жеке дарындылығы байқалады. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әр дұрыс жасалған жұмысқа, бағалау парағы бойынша оқушыларға баға қойылып отырылады. Жиналған бағалар соңынан қорытылып қойылады.

«Информатикалық диктант» көп нүктенің орнына қажетті сөздерді пайдаланып жаз:

(Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылардан диктант аламын)

Компьютердегі кез келген ақпарат 0 мен 1-дің тізбектері, яғни, екілік код түрінде беріледі. Программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі компиляция аталады. Pascal программалау тілі деп француздың ұлы математигі және физигі Блез Паскальдың құрметіне қойылған. Программалау тілінің алфавиті - ол белгілі бір символдар жиынтығы. Осы символдардың көмегімен идентификаторлар, өрнектер және тілдің операторлары жазылуы мүмкін. Тілдің алфавитінде латын әріптері бас немесе кіші әріптерге ажыратылмайды.

3. Өткен материалды қайталау кезеңі

• Алгоритм дегеніміз не?

• Қандай программалау тілдерін білесіңдер?

• Компиляция дегеніміз қандай үдеріс?

• Программалау тілінің алфавиті - ол ...

• Идентификатор дегеніміз не?

• Программалау тілі орыс әріптерін қабылдайды ма?

• Тілдік алфавитті жазу үшін қандай әріптер қолданылады?

• Оператор дегеніміз не? Мысал келтір.

• Программа тілінде комментарийлер (түсіндірмелер) не үшін қолданылады?

• Комментарийлер қалай жазылады?

4. Мақсат қою кезеңі

  • Программа құрылымымен танысу;

  • «Программа денесі» түсінігін оқу;

  • Қарапайым программаны жасау жолын түсіну

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Кез-келген программа Program сөзінен басталып, одан кейін программа атауы жазылады. Бұл программаларының мәтіндерінде шатаспау үшін программалаушының өзіне қажет. Сипаттау бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Программа денесі - бұл операторлардың өзі, олар қандай да бір әрекеттерді орындайды. Мысалы, экранға мәтінді шығарады немесе өрнектің мәнін есептейді.

Программа денесі операторлар бөлімінде орналасқан.

Программа мәтінінің соңында End сөзінен кейін міндетті түрде нүкте қойылатынына назар аударыңдар.

Қарапайым программаны жасау

Ең қарапайым бірінші программаларыңды жасау үшін сендерге мәтінді экранға шығаратын операторлар жайлы мәлімет керек болады. Ондай операторлар екеу - Write және Writeln. Бұл операторлар арқылы экранға шығарылатын мәтін жақшаға және сыңар тырнақшаға алынады.

Мысалы,

Begin

Write('Менің бірінші программам');

End.

Компиляция үдерісін іске қосу үшін F9 пернесін басу жеткілікті.

6. Жаңа материалдар бойынша білімдерін зерттеу кезеңі

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс, 59-бет.

7. Сабақты бекіту кезеңі

  1. Pascal программалау тіліндегі программаның құрылымын сипаттаңдар.

  2. Программаның басы мен соңы қалай белгіленеді?

  3. Write мен Writeln енгізу операторларының қандай айырмашылықтары бар?

  4. Программаны орындауға қалай жібереміз?

  5. Төменде жазылған алгоритмде k мен m бүтін айнымалылар қолданылады. Осы алгоритм орындалған соң m айнымалысының мәнін анықтаңдар:

k:=2

m:=k-2

k:=m*k+5

m:=m+2

k:=-1

m:=2*k-2

k:=m+2

m:=k*m+5

k:=3

m:=k+1

k:=m*m+5

k:=k-10

k:=32

m:=k/4-5

k:=3+m*4

m:=m-k


8. Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі

§ 9 Программа және оның құрылымы тақырыбын қайталау, Өзіңді тексер! Тапсырмасын орындау, 59-бет.

Төменде жазылған алгоритмде k мен m бүтін айнымалылар қолданылады. Осы алгоритм орындалған соң m айнымалысының мәнін анықтаңдар:

k:=2

m:=k-2

k:=m*k+5

m:=m+2

k:=-1

m:=2*k-2

k:=m+2

m:=k*m+5

k:=3

m:=k+1

k:=m*m+5

k:=k-10

k:=32

m:=k/4-5

k:=3+m*4

m:=m-k

k:=5 m:=2 k:=-2 m:=13 k:=11 m:=4 k:=15 m:=-12

Аты-жөні

Информатика диктант(11ұпай)

Сұрақ-жауап

(әр оқ.ға 1 ұпай)

Компь.к тәжірибелік жұмыс (3 ұпай)

Бекіту кезеңі (0.5/2 ұпай)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал