- Учителю
- Сабақ жоспары Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Сабақ жоспары Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Қысқа мерзімді жоспар. №2 сабақ Тексерген ____________
Пән: Информатика
Сынып : 5, а,в,б
</<font face="Times New Roman KZ, serif">Күні: 9.09.2015ж.
Сабақ тақырыбы:
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Жалпы мақсат:
Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымын түсіндіру
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру, өзін- өзі реттеуге үйрету.Топта жұмыс істеуге, бір-бірін бағалауға, сыйлауға үйрету
Оқу нәтижесі:
Ақпараттың не екенін біледі, ақпараттарды ажырата алады, себептерге сүйене отырып өз ойларын дәлелдей алады, алған білімдерін өмірде қолданады.
Негізгі
идеялар:
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру
Оқыту
әдістері:
Жаңа әдістер
Сұрақ- жауап, диалог,СТО, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың
көрнекілігі:
Слайд, компьютер
Тапсырмалар:
Сұрақтар құрастыру мен терминдерге жауап іздеу, тақырыпқа байланысты постер жасау,сөйлемдер құрастыру.
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сынып оқушыларымен амандасу.
Оқушыларды түгендеу
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларды топтарға бөлу.
Оқушылар тыңдайды
Топтарға бөлінеді,бір-біріне жақсы тілектер айтып,
Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин )
1. СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша пайымдау сұрақтар стратегиясы: қоршаған ортаға байланысты сұрақ қою
1.Бізді не қоршап тұр?
2.Қандай дыбыстар естіп тұрсыңдар?
3.Ақпарат көздерін атаңдар?
4.Қандай ақпарат бар?
5. Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?
Оқушылар жауап береді
Жаңа сабақ
(15 мин)
1. Әңгіме-диалог.
Жаңа сабақ әңгіме-диалог сұрақ-жауап арқылы басталады
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым
Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған орта туралы мәліметтер.
Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81% - көру, 10% - есту, 4% - иіскеу, 3% - дәм сезу, 2% - сезу арқылы аламыз. (слайдтар көрсету)
2. Топен жұмыс
Оқушыларға көз жанарын алдауға бірнеше суреттер көрсетеді:
1.Әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасау.
2.Шынайылық-ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі екенін анықтау.
3.Интуиция арқылы ақпараттың келесі қасиеттерін бөлу:
1) Өзектілік (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты)
2) Толықтық (ақпараттың көлеміне байланысты)
3) Объективтік (адам факторына байланысты)
4) Жеткіліктілік (қойылған талаптарға байланысты)
5) Адекваттық (шындыққа сәйкестік)
6) Қолжетімділік (қазіргі кезде қажетті ақпаратқа қол жеткізе аламыз ба?)
Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды. Ақпараттарға сипаттама береді.
IV.Қорытындылау ( 10 мин)
Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
-
Информатика дегеніміз - ...
-
Ақпарат дегеніміз -
-
Ақпаратты қабылдау түрлері - ...
-
Ақпаратты ұсыну түрлері - ...
-
Ақпараттың қасиеттері - ...
Оқушылар жауап береді
V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)
§2 оқу, сұрақтарға жауап беру
Үйге тапсырманы күнделікке жаып алады
VI. Бағалау
(5 мин)
Критерийалық бағалау , критерийлеріне сай болуын қадағалау формативті бағалау.
Бағалау барысында топтар жетекшісі берілген киртерий бойынша бағалайды
VII. Рефлексия ( 3 мин )
Соңында:
1. Сабақ туралы жалпы ойың?
2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?
Әр бала өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамағанын білдіретін смаиликтерін тақтаға іледі.