7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 11 -сынып Тақырыбы Программаны орнату жəне жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау жəне қалпына келтіру

Сабақ жоспары 11 -сынып Тақырыбы Программаны орнату жəне жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау жəне қалпына келтіру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары № 6

Сыныбы: 11



01 .10.2016 ж

Сабақ тақырыбы:

Программаны орнату жəне жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау жəне қалпына келтіру

Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар)

Жалпы мақсаттар:

  • Программалауың түрлері бойынша толық мағлұмат беріп, қолдану саласы бойынша программаларға шолу жасау, қызметтік программалармен атныстырып, жұмыс істеуді дағдыландыру.

  • Оқушылардың сабақ мақсатында және дүниетанымын кеңейту мақсатында программалардың жаңа мүмкіндіктерін, қосымша мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін меңгерту.

  • Программалардың белгілі бір ортада қолдану, есептер шығару жолдарына қолдануды және әр түрлі салаларда қолдану ерекшеліктерін үйрету.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушылардың орындалатын іс-әрекеттері

1.Ұйымдастыру. (3-5 мин)

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:

а) Оқушылардың программа, программалау тілдері туралы пікірлерін анықтап сұрау.

2. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу:

а) Программаның негізгі міндеттері мен программалау тілдерінің түрлері бойынша пікіралмсуды ұйымдастыру.

(Сұрақ-жауап ұйымдастыру)

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Программалаудың дамуы бойынша түсінік беру, демонстрациялау.

ә) Программалық қамтамасыз етудің дамуы мен оның ерекшеліктері.

Программалық жасақтама.

Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі - аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.

Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.

Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.

Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.

Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.

Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.

4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру:

а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру.

4. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі:

а) Программалаудың олардың дамуы бойынша сұрақтарға жауап беру. (жеке жеке орындалатын тапсырма, карточкалар арқылы)

ә) Қолданбалы бағдарламалардың өзінің ерекшеліктеріне қарай қандай түрлері болады, олардың тарихына сәйкес түрлерін даму жылдары бойынша орналастыру.

5. Сабақты бекіту:

а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру.

5. Оқушылардың білімдерін бекіту:

а) Проблемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. (Сұрақ-жауап)

  • Программа дегеніміз не?

  • Программаның қандай ерекшеліктері бар?

  • Қызметтік программалардың түрлері?

  • Программалық қамтамасыз ету дегенді қалай түсінесін?

  • Программалардың қандай сатылар бар?

6. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау.

6. Сабақты қорытындылау:

а) 2,3 - тақырып, 2 - тапсырма.

ә) Сабақ соңында тренингтің, тесттің қорытындысын жасап, оқушыларды бағалау.



Информатика пәні мұғалімі Муратбеков Ж.Т



Тексерген _______________________________________





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал