7


  • Учителю
  • Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ жоспары пән аты: информатикасыныбы: 6 «А»сабақ тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеусабақтың мақсаты:Білімділік : оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;Дамытуш
предварительный просмотр материала



Сабақ жоспары

пән аты: информатика

сыныбы: 6 «А»

сабақ тақырыбы: Суреттер мен жазуларды пішімдеу

сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;

Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау

Пәнаралық байланысы: Әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу.

Ашық сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, практикум

сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;

В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

2. Үйге берілген тапсырмасын тест арқылы тексеру:

1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамыз

Б) Ақауды өз бетіммен жоямын

С) Компьютерді электр желісінен ағытамын

Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?

А) CapsLock

Б) Shift

С) Tab

Д) Ctrl

3. Кестені құру жолын көрсет?

А) главная - таблица

Б) вид - таблица

С) разметка страница - таблица

Д) вставка - таблица

4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?

А) вставка - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

Б) главная - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

С) вид - иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

Д) разметка страница- иллюстрации - рисунок, клип, фигуры

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып, кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Пішімдеу дегеніміз не?

Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.

1 Сурет. Пішімделмеген мәтін 2 Сурет. Пішімделген мәтін

Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.

Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:

  1. Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;

2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;

3. Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.



3 Сурет.Контексті менюден 4 Сурет. Қаріп терезесін

Қаріп командасын таңдау шақыруға арналған батырма

Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласындар (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіңдер. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискілеріңде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (9 Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңдар.

9 Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру 10 Сурет. Клип батырмасы

батырмасы

Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім деген жаңа қосымша пайда болады (13 Сурет). Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

13 Сурет. Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы


14 Сурет. Басқа түске бояу батырмасының көмегімен кескіннің параметрлерін таңдау

Басқа түске бояу менюіндегі Мөлдір түс орнату командасы суреттің кез- келген элементінің түсін мөлдір түске өзгертуге мүмкіндік береді. Оны таңдағаннан кейін курсор пішінін өзгертеді (14 Сурет). Суреттің мөлдір түс орнату қажет элементіне шерту керек (15 Сурет).

15 Сурет. Мөлдір түсті орнату 16 сурет Мониторда графиканың түсі өзгерді

Сурет шекарасы батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады (20 Сурет). Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз (21 Сурет). Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады (22 Сурет).

21 Сурет. Сурет шекарасы менюі 22 Қалыңдық бағыныңқы менюі

Тапсырма1. Абай Құнанбаевтың өлеңін қатесіз теру.

Қыс (А.Құнанбаев)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Тапсырма2. Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мейрамына сурет салу және тілектерін жазу.

4. Сергіту сәті

Видеороликке қарау арқылы жаттығу жасау.

5. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Пішімдеу дегеніміз не?

2. Суреттерді пішімдеу үшін не қолданамыз?

3. Жазуларды пішімдеу үшін нені қолданамыз?

6. Оқушыларды бағалау

7. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарға байланысты тест құрастырып келу. Ребус құрау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал