- Учителю
- Конспект урока по информатике на тему Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу (8 класс)
Конспект урока по информатике на тему Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу (8 класс)
</ Сабақ № 25
Сынып 8 «--------» информатика күні ---------------------------
Сабақтың тақырыбы: Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, Excel бағдарламасы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үйге тапсырмасын тексеру.
Тест
Excel кестесінде қанша баған бар?
А) 255 Б) 65536
С) 256 Д) 452
Excel кестесінде қанша жол бар?
А) 255 Б) 65536
С) 256 Д) 452
Excel бағдарламасын не үшін пайдаланады?
А) мәтіндік құжаттарды құру үшін
Б) электронды кестелер құру үшін
С) графиктік бейнелерді құру
Д) барлық варианттары дұрыс
Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді?
А) ұяшық Б) сызықты кесте
С) тіктөртбұрышты кесте Д) блок
Электронды кестеде жолдар қалай белгіленеді?
А) A,B,C,…AA… Б) 1,2,3….
С) кез келген Д) солдан оңға қарай
Электронды кестеде бағандар қалай белгіленеді?
А) A,B,C,…AA… Б) 1,2,3…. С) кез келген Д) солдан оңға қарай
Excel бағдарламасы құжаттарының кеңейтілімін ата
А) .xls Б) .dbf
С) .pdf Д) .doc
Excel бағдарламасында бағандар немен белгіленеді?
А) әріп Б) сан
С) нүкте Д) сурет
Жаңа сабақ
Деректерді Excel-ге енгізу
Деректерді сақтау және қорғау.
Деректерді өңдеу, орын ауыстыру көшірмелеу
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)
Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36--мәтін, =А5*В5 -формула, =А5*В5+жады- -мәтін.
1) Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау
2) Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде - кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі
шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты
басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай
сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі
шығады.
Сынып жұмысы
1-тапсырма
Excel бағлармасын ашыңыз
1-парақ (Лист 1) атын Сынып жұмысы деп өзгертіңіз
Беттін қаріпін (шрифт) Times New Roman, өлшемін (размер) 14-ке өзгертіңіз
2-тапсырма
Жалақыны есептеу
3-тапсырма
Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
Сабақты бекіту.
1) Электрондық кестелер қайда қолданылады?
2) Excel программасын қалай іске қосамыз?
3) Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?
Бағалау
Оқушылардың өздері қойған бағалары мен мұғалімнің бағаларын салыстырып, ортақ баға шығарамын.
Үй тапсырмасы: 8.2-тақырып
Сабақ № 25
Сынып 6 «а» информатика күні ----------------
Сабақ тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Paint редакторында сурет салып, Word Pad
редакторына қалай кірістіру керектігін үйрену. Оқушылардың
информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап бағалау,
өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын сауатты түрде
айта білуді қалыптастыру, Word Pad мәтіндік редакторына және
Paint графикалық редакторына деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке , шапшаңдыққа тәрбиелей отырып,
ұқыптылыққа , тиянақтылыққа, шығармашылық жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: практикалық элементтері бар демонстрацияны
көрсете- түсіндіру,саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме,ойын элементтері,
рефлексия.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, мысық,
карточкалар, Бәйтерек монументінің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Ой қозғау арқылы)
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс
А) сурет салу
Ә) мысықтың тапсырмасы
Б) логикалық сұрақтар
В) «Көкпар» ойыны
Г) Сергіту сәті
Ү. Рефлексия
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың қатысы мен дайындығын тексеру
2. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару
Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам .
Компьютерлік ғажайып виртуалдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам.
Мұғалім:-Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше
саяхат сабақ. Яғни «Арманға саяхат» жасаймыз. Біздің еліміздің
астанасы- Астана қаласы екенін жақсы білеміз. Астана қаласы
өзінің Бәйтерек монументімен белгілі. Бәйтеректің ең жоғарғы
жағында «Аялы алақан» компизициясы орналасқан. Осы компизицияда
бейнеленген алақанға өз алақанымызды қойсақ арманымыз орындалады
деп сенеміз. Сол тапсырмаларды орындап «Аялы алақанға» жетейік.
Орындалған тапсырмалар шкаламен көрсетіліп тұрады. Біздер
Бәйтеректің биіктігін және диаметрін білуімізге де септігін
тигізеді. Сәт сапар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау» арқылы
М: -Менің қолымда әртүрлі жазылған сөздер бар. Бұл сөздер үй
тапсырмасында кездеседі. Осы сөздерге анықтама берейік.
Кесте Ұяшық Баған Жолдар Сан Әріп Сақтау Ашу Сурет Tab пернесі
1. омкпютьер - компьютер
2. утрес- сурет
3. рагфиак- графика
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Күн жадысын жазу
2. Жаңа сабақтың мақсатын айту
3. Дәптермен жұмыс
Наурыздың он төрті
Мақсаты: Оқушыларға Word Pad редакторына Paint редакторында
салынған суретті және мәтінді кірістіріп, өз бетімен жұмыс жасау
дағдысын қалыптастыру
Графикалық редакторлар: Paint, Power Point , Pagemaker
Мәтіндік редакторлар: Microsoft Word, Word Pad , Блокнот
Мәтіндік процессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі
суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп
те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер
кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік
редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге
де болады.
Сурет кірістірудің жолы: Вставка - Рисунок мәзірінен шыққан
менюден біз картинки, из файла, со сканера или камеры, создать
рисунок, автофигуры, обьект WORDART, организационная диаграмма,
диаграммма әмірлері орналасқан. Соның ішінде картинки, из файла
және обьект WORDART әмірлерін өтеміз.
Сонымен, сурет кірістірудің екі жолы бар,
Вставка - Рисунок - Картинки
стандартты офисте орналасқан суреттерді қоямыз, ал
Вставка - Рисунок - из файла
әмірі арқылы компьютерде сақталған, яғни басқа графиктік
редакторлар арқылы немесе ендірілген суреттерді қоя аламыз.
1. Word Pad редакторын іске қосу
2. Paint -та сурет салып , мәтіндік редакторына кірістіру
3. Сақтау
4. Баспадан шығару
ІҮ. Практикалық жұмыс
Қауіпсіздік ережесі дәптерлерін толтырту
Оқушылар өз беттерімен сурет салып үйренеді
М:- Қане, біздерге мысық деген досымыз қонаққа келіп тұр. Ол
бізден көмек сұрайды екен.
Тапсырма:
1. Мен қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет
салдым. Оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы едім. Суретім дайын
болған кезде, менің бояуым төгіліп барлық салған суретімді
бүлдіріп алдым. Басқа сурет салатын уақытым жоқ. Мен қатты өз
өзіме ренжіп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Балалар!
2. Сендерге рахмет! Достарым! Осы салған суретімнің үстіне Күшік
туған күніңмен! Деп жазып көмектесесіңдер ме? Мен сендерге
өзімнің мультфильмімді көрсетемін! Келістікпе балалар!
Логикалық сұрақтар:
Шарты: Сұрақтарға оқушылар мұқият жауап беру керек.
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (жоқ)
2. Бес адам кездесіп қалып, бір-бірімен қол алысты. Барлық қол
алысу саны қанша? (20)
3. Термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі
термометр неше градус көрсетеді? (3)
4. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп
қойды. Неше стакан қалды? (3)
5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы
үш жеңіл машина және бір камаз кездестірді. Ауылға қаншы машина
бара жатыр? (0)
6. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? (52)
«Көкпар» ойыны
Білімдіден шығар алғыр, шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем .
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы ,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Шарты: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы
Қызыл карточка алғандар мақтайды Жасыл карточка алғандар
даттайды
1.Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады .
2.Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа , жүйелі ойламауға
итермелейді
3. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді
4. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін
сәулелерді көп тұтады.
5. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді
6. Көз көру қабілеті нашарлайды
7. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді
8. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басға үйретеді
9.Білімді құштарлығын оятады
10.Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
11.Электр қуатын алады
12. Барлық жұмысты тоқтатады
Сергіту сәті
«Қызыл өрік» әніне сергіту сәтін жасаймыз
Ү. Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақта Графикалық объекті туралы не білдік?
2. Сіздерді графикалық редакторлардың қандай ерекшеліктері
таңқалдырды?
Сөйлемді аяқтаңдар:
-Бүгінгі сабақта маған ...............қызықты болды?
-Бүгінгі сабақта маған ................ ұнады
-Бүгінгі сабақта маған ............... қиын болды
-Бүгінгі сабақта мен .................. үйрендім
-Бүгінгі сабақ маған .................. көрсетті
-Болашақта мен ................
Мұғалім:
-Жақсы оқушылар тапсырмалардан сүрінбей өттік. Енді ең соңғы сәт
қалды. Ол «Аялы алақан» компизициясына жету. Қане, қолдарыңызға
қазір мен стикер беремін. Сол стикерге арман жазып, Бәйтерекке
орналастырайық.
Қане қараңдаршы, Бәйтерек монуметінің биіктігі неше метр болған
екен?
Биіктігі-97 м
Диаметр-27 м
ҮІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын!
ҮІІ. Үйге тапсырма:
«Жыл басы-Наурыз» тақырыпқа шығарма жазу және суреттер кірістіру.