- Учителю
- : Кестелерді,суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.
: Кестелерді,суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді,суреттерді,бейнені және дыбысты кірістіру.Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:PowerPoint бағдарламасында кесте, сурет, бейнені және дыбысты слайдқакірістіруді түсіндіру, анимация әсерлерін баптауды үйрету;
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;
Дамытушылық: слайдқа объектілерді кірістіру жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: аралас, практикум элементі бар
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, өзін-өзі бағалау
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі, геометрия, сызу, ән-әуез
Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері қолданылады
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, Microsoft PowerPoint редакторының терезесі, бағалау парағы,деңгейлік тапсырма қағаздары, слайд топтамасы
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқушыларды сабақ барысымен таныстыру
-
Үй тапсырмасын сұрау. «Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары» тақырыбы бойынша ауызша сұрақтар қою арқылы өткен материалды еске түсіру
Сұрақтар:
-
Презентация дегеніміз не?
-
Слайд дегеніміз не?
-
Слайдқа нені кірістіруге болады?
-
PowerPoint бағдарламасын іске қосу амалы.
-
PowerPoint терезесінің негізгі элементтері қандай?
3.Жаңа сабақ
Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
А) Тақырыпты түсіндіру
- Бүгінгі сабағымызда балалар, слайдқа түрлі объектілерді кірістіруді үйренеміз. Слайдқа кесте, сурет, бейнені және дыбысты кірістіруге болады және объектілерге анимациялық әсер орнатуға болады.
1. Кестемен жұмыс:
А) Слайдқа кесте кірістіру амалы: мәзір жолынан Вставка - Таблицакомандасын орындап, керек баған мен жолдар санын енгізіп кесте құруға болады.
Б) Вставка - Вставить таблицу командасын орындап, пайда болған Вставка таблицы терезесінде Число столбцов өрісіне баған саны, Число строк өрісіне жолдар саны енгізіліп, ОК батырмасын басу керек.
</
2. Суретпен жұмыс:
А) Құжатқа сурет кірістіру үшін келесі амал орындалады: Вставка - Клип.Құжаттың оң жағында пайда болған терезеде Начать батырмасын басып, қажетті суретті таңдауға болады. Таңдаған суретің құжатқа енгізіледі. Суретті кезкелген жерге орналастыру үшін келесі амалды орындаймыз: Формат - Положение /ішінен кез-келген орналасуын таңдауға болады/.
Ә) Компьютерде орналасқан басқа суретті кірістіру үшін Вставка - Рисунок. Пайда болған Вставка рисунка терезесінен керек суретіңіз орналасқан қапшықты таңдап, қажетті суретке тінтуірмен басып, Вставить батырма-сын басу керек. Суретті Формат - Положение командасын орындап құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады.
3. Бейнемен жұмыс:
А) Құжатқа бейнені кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка - Фильм- Фильм из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен кез-келген бейнені таңдау керек.
4. Дыбыспен жұмыс:
А) Құжатқа дыбысты кірістіру үшін келесі амалды орындау керек: Вставка - Звук - Звук из организатора клипов-Начать командасын орындап, ішінен пайда болған дыбысты таңдау керек.
5.Анимациялық әсер орнату:
А) Анимация - Настройка анимации командасын орындап, слайдтағы объектті белгілеп, пайда болған терезеде Добавить эффект батырмасын басып, Вход белгісін таңдау керек.
Б) Объектінің шығу әсерін әзірлеу үшін Добавить эффект- Выход белгісін таңдау керек.
Ә) Компьютермен жұмыс. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар мен бағалау парақтары таратылады.
1 деңгей. Слайдқа кесте кірістіріп, сәуір айының күнтізбесін жасау.
-
Microsoft PowerPoint бағдарламасын ашу.
-
Заголовок слайда өрісіне «Сәуір айының күнтізбесі» деп жазу енгізу
-
Вставка-Таблица командасын орындап, 7 бағаннан және 6 жолдан тұратын кесте құру.
-
Кестенің ішіне мәліметтерді енгізу.
-
Конструктор - Стили таблиц командасын орындап, ішінен ұнаған стильді таңда.
2 деңгей. Жасалып жатқан слайдқа сурет кірістіру
-
Вставка - Клип командасын орындап, Начать батырмасын басып суретті кірістір.
-
Таңдаған суретті слайдтың жоғары бұрышына орналастыр.
3 деңгей. Бейнені және дыбысты кірістіру
-
Осы слайдқа Вставка - Фильм - Фильм из организатора клиповкомандасын орындап, бейнені таңда.
-
Таңдаған бейнені слайдтың кез-келген жеріне орналастыр.
-
Вставка - Звук - Звук из организатора клипов командасын орындап, дыбысты таңдап, слайдқа орналастыру.
-
Слайдта орналасқан объектілерге анимациялық әсер орнату.
Оқушы әр деңгейдің тапсырмасын орындап болған соң бағалау парағына (+) белгісін соғады.
Тапсырмаларды орындау барысында арасында үзіліс жасап, сергіту сәті жасалады.
Б) Сабақты бекіту.
Сұрақтар:
-
Кестені кірістірудің неше әдісі бар? Оларды ата.
-
Суретті қандай команда арқылы кірістіреміз?
-
Бейнені кірістіру командасы?
-
Дыбысты кірістіру амалы?
-
Анимациялық әсерді қалай орнатамыз?
4. Оқушыларды бағалау
5. Үйге тапсырма: объектілермен орындалатын командаларды жаттап келу, «Ас мәзірін» құрастырып келу / мәзірді кестеге орналастырып, сәйкес келетін суреттерді, дыбысты тауып кірістіру/, жұмыстың эскизін жасап келу.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні