7


  • Учителю
  • Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.Сабақ жоспары

Анимация әсерлерін баптау.Презентацияларды көрсету.Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 6

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.



Білімділік мақсаты: Презентацияны жасаудың жаңа мүмкіндіктерімен

таныстыра отырып, қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі

жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін

басқа пәндер үшін, сабақдждэждтан тыс жұмыстар үшін

пайдалана білулеріне ықпал ету;

Тәрбиелік мақсаты: Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты,

эстетикалық, еңбексүйгіш дағдыларды қалыптастыру.

Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: ой қозғау, түртіп алу, топтастыру.

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, интерактивті тақта, слайдтар.



Сабақтың жүру барысы:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұраққа жауап. «Алтын тасты сұрақтар».

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Мағынаны тану

V.Ой-толғау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. .



І. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

. Сұраққа жауап. «Жалғастыра жарысу».

1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске

қосылады? (Пуск - Программы - MS Power Point )

2. Презентация дегеніміз не? (Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, енгізу нәтижесін бақылауды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым презентация)

3. Презентация ұғымы қандай мағына береді? (Латынша praesento тапсырамын, ағылшынша ұсыну)

4. Слайд деген не? (Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді)

5. Слайдта орналасатын объектілерге.... (Фон, мәтін, гиперсілтемелер, колонтитулдар, кестелер, графикалық бейнелер, жазулар, диаграммалар, фильм, дыбыс, бағдарша (ярлык) жатады)

6. Слайдтарды баспаға қалай береміз? (Презентацияның кез-келген компонентін баспаға шығару үшін, оны ашып, Файл - Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтар, берілулер, мақала беттерін немесе құрылымын көрсету қажет)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, әрбір слайдтарда кем дегенде бір объект - кадр фоны болады. Яғни бос слайд болуы мүмкін емес, тек қана фон типті объектісі болса, ол бос слайд деп есептеледі.

Слайдтарды қосу.

Менюдегі «Вставка» «Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті

Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.

Слайдтарды ауыстыру.

Ø Менюдегі «Показ слайдов» «Переход слайда» таңдаңыз

Ø Керекті эффектілерді таңдап слайдтарға ауысуды танда

Ø «Продвижение» деген жерге жалауша орнатыңыз

Слайдты немесе барлық презентацияларды көру.

Құрастырылған слайдтарды көрудің екі түрлі тәсілі бар, бұлардың бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

v терезенің сол жағында орналасқан бұл батырма, ерекшеленіп тұрған слайдтан бастап көрсете бастайды.

v Менюдегі «Показ слайдов» - «Начать показ» батырмасын таңдасаңыз бұл бірінші слайдтан бастап көрсете бастайды.

Слайдтарды демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет.

1. Показ слайдов - настройка анимации командасын орындау.

2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с анықтау керек.

Презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:

• презентацияна алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мен мазмұнын нақты түсіну;

• инпортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;

• суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;

• слайдты көркемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді ьаңдау керек;

• аудитория көңілін презентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да құралдарды қолдану артық болмайды.

V.Қорытынды.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Анимация әсерін баптау.Презентацияларды көрсету тақырыбын оқып келу. «Жастық шақтан болашаққа» тақырыбында презентация жасауға жоспар құрып келу.Үй тапсырмасына дайындалып келуі.

(2 ұпай)

Жаңа сабақты толық меңгеруі. (2 ұпай)

Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (2 ұпай)

Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(2 ұпай)

Компьютерде тапсырмаларды орындауы

(2 ұпай)





Жалпы ұпай:

9-10 ұпай-«5»

7-8 ұпай -«4»

5-6 ұпай-«3»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал