7


  • Учителю
  • Информатика және ақпарат 5 сынып

Информатика және ақпарат 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 5

Пән: Информатика Күні: ______________

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Информатика ұғымы туралы түсінік. Басқа ғылымдарда алатын орны. Информатика ғылымы, оның негізгі түсініктері, объектілері және құрама бөліктері туралы ақпарат беру.

  2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, өз ойын толық жеткізе алуға, сабаққа зейін қоя тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру - 2 мин

  2. Жаңа сабақ түсіндіру - 40 мин

  3. Сабақты бекіту - 2 мин

  4. Үй тапсырмасы - 1 мин

    1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Информатика - адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика - өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды - техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Екінші бір көзқарас бойынша, информатика - жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, информатика - ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза ғылым» ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі - адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады - «Computer science» (компьютерлік ғылым).

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні - ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл - ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар - ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым - Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды - документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні - құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады.

Информатиканың негізгі түсініктері:

  • ақпарат және хабарлама;

  • алгоритм және алгоритмдеу;

  • жүйе және құрылым, қатынас және байланыс, тәртіп таңдау;

  • модель және модельдеу;

  • орындаушы және оның операциялық ортасы;

  • тілдер және грамматика;

  • жүйлерді проектілеу және технология;

Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлi құбылыстар туралы мәлiметтер жиынтығы.

Кез келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (кiм ақпаратты бередi) және қабылдаушысы (кiм алады) ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен қабылдаушысына шартты сигнал көмегiмен берiледi.

Сигналдар типтерi әр түрлi болып бөлiнедi:

  • Физикалық табиғат бойынша: электрлiк, жарықтық, жылу, дыбыстық, механикалық, радиосигнал.

  • Қабылдау тәсiлi бойынша: көз, дыбыс, иiс, дәм.


Ақпарат қасиеттері: дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік.

  • Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік қасиетін қанағаттандырады.

  • Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады.

  • Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол ақпараттың бағалылық қасиетін қанағаттандырады.

  • Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік қасиетін қанағаттандырады.



"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымдарды беретін "information" сөзінен шыққан.

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.

Ақпарат материя және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады.

АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙДЫ?

Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерінің бес түрін қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу.

  • Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы, теледидардағы кинолар мен мультфильмдерді көру, тақтадағы жазулар, көшеде жүру белгілері және т.б.

  • Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды. Мысалы, мұғалім сөзі, досының әңгімесі, қоңырау шырылы, музыка дыбысы және т.б. мұның барлығы дыбыстық ақпарат болып табылады.

  • Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу ақпаратын алады. Мысалы, бауырсақтың иісі, гүл иісі және т.б. иіс сезу ақпараттары болып табылады.

  • Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын, қышқылдығын, тәттілігін, тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл лимон, тәтті конфет, тұзды қияр және т.б. осы сияқты мысалдар дәм сезу ақпараты болып табылады.

  • Саусақ ұшы және тері арқылы заттың температурасы жайлы ақпарат аламыз. Басқаша айтқанда, кез келген заттың ыстық немесе суығын, құрғақ немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр екендігін денеміздің терісі арқылы анықтаймыз. Мұндай ақпараттар сезу (тактілік) ақпарат деп аталады.



Ақпараттың берілуі.

Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық.

  • Мәтін түрінде берілетін ақпараттар мәтіндік ақпарат деп аталады. Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б.

  • Сан түрінде берілетін ақпараттар сандық ақпарат деп аталады. Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт мезгілдері және т.б.

  • График түрде берілетін ақпараттар графикалық ақпарат деп аталды. Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар және т.б.

  • Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б.

  • Ақпараттық процесс - бұл ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және жеткізу процестері.

1-сурет.

Жаңа сабақты пысықтау:

  1. Информатика дегеніміз не?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпарат алу дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

  5. Ақпарттың берілу түрлері және оларға мысал келтір.


Бекіту.

Қорытынды.

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқып келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал