- Учителю
- Конспект занятия по информатике в детском саду (на казахском языке обучения)
Конспект занятия по информатике в детском саду (на казахском языке обучения)
Бекітемін
МКҚК «№29 балабақша»
директоры Тілесова Б.А.
«___» _______ 2016 жыл
Информатика пәні бойынша даярлық тобына сабақ конспектісі
«Денсаулық еліне саяхат»
Дайындаған: информатика пәні мұғалімі
Кабиева У.Т.
Ақтау 2016 жыл
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»
Мақсаты: Денсаулық сақтау, витаминдер туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, ұқыптылыққа үйрету т.б.
Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, компьютер, «Денсаулық бұрышы»
Барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық кезеңі. Сәлемдесу.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?
Балалар: Қыс!
Мұғалім: Қыста адамдар денсаулығына көбірек мән береді. Біз бүгінгі сабағымызда денсалық еліне саяхатқа шығамыз.
Бала: Денсаулық ол - шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл - күйің жадырай,
Денсаулық ол - жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Мұғалім: Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз ауырмаса онда деніміз сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі. Орнымызға жайғасамыз.
Мұғалім: Дені сау болу үшін бізге не қажет?
Балалар: Азық-түлік, жеміс-жидектер, көкөністер!
Мұғалім: Олар біздің достарымыз ба? Олар не үшін қажет бізге? Біздің тағамдар несімен құнды?
Балалар: Дәрумендеримен!
Мұғалім: Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер?
-
Әр тағам өзінің дәрумендерімен бай, ол денсаулыққа және адам ағзасының өсуіне ықпалын тигізеді. Қазір «А» дәруменімен танысайық, біз дәрумендерді көрмеміз, бірақ олар біздің тағамдарымызда бар. Мында қандай тағамдар бар?
Балалар: Сәбіз, бұрыш, жуа, қызанақ, жұмыртқа, сары май т.б.
Мұғалім: Барлық осы тағамдар «А» дәруменіне бай. Олар сіздің ағзаларыңыздың өсуіне және көзіңіздің жақсы көруіне қажет. Мына тағамдар «В» дәруменіне бай. Олар?
Балалар: Ет, қара нан, бұршақ, орамжапырақ, банан т.б.
Мұғалім: «В» дәрумені сіздің жақсы ұйықтауыңызға, жыламауларыңа, шаштарыңның жақсы өсуіне және жүзіңіздің жарқырап тұруына қажет. Ал мына тағамдар «С» дәруменіне бай, олар?
Балалар: Алма, лимон, сәбіз, қызанақ, картоп т.б.
Мұғалім: «С» дәрумені біздің тісіміздің сау болуына, жарамыз тез жазылуына және ішкі ағзамыз жақсы жұмыс жасауына керек.
1 бала: Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып - қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.
2 бала: Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!
3 бала: Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
4 бала: Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
5 бала: Мен-алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.
6 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Мұғалім: Балалар, бүгін бізде қонақта Салауат атай. Ол сіздердің мектепке дайындықтарыңды тексеруге келді. Салауат атайдың тапсырмаларынан сүрінб өтсеңдер, ол сендерге мектепке жарамды деген анықтама береді.
-
Сонымен 1-ші тапсырма: Себеттерге тағам түрлерін дәрумен бойынша орналастырамыз. 1-ші себетке «А» дәрумендері бар тағамдарды саламыз. 2-ші себетке «В» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. 3-ші себетке «С» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. Компьютерде орындаңдар.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! 1-ші тапсырманы жақсы орындадындар. Енді 2-ші тапсырманы қараймыз. 2-ші тапсырмада, балалар, есепті шығару.
Мұғалім: Жарайсыңдар! 3-ші тапсырма: Бос орындарға қажетті әріптерді жазу.
Мұғалім: Тамаша, балалар, бұл тапсырманыда орындадық. Енді 4-ші тапсырманы көрейк. 4-ші тапсырма сергіту сәті екен. Қане орнымыздан тұрамыз, қимылдарды бірге қайталаймыз.
-
Шаршаған жоқпыз ба балалар? Ендеше жалғастырамыз. 5-ші тапсырма. Көрші үйлерде қандай сандар тұрады? Бос орынға жаз.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Сандарды да орналастырдық. Енді сонғы, 6-шы тапсырма: 1 санын қосу және алу арқылы есептерді шығып, жауабын бос орындарға жаз.
Мұғалім: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар! Сендер Салауат атайдың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Салауат атай сіздерге мектепке жарамды деген анықтамасында берді. Енді Салауат атайды осы отарбамен басқа балаларға шығарып салайық, сау бол Салауат атай!
-
Ал, балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық? Қай тапсырма сендерге көбірек ұнады?
-
Жарайсыңдар! Енді қонақтармен қоштасамыз, сау болыңыздар!