- Учителю
- Ашық сабақ тақырыбы: Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері
Ашық сабақ тақырыбы: Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері
"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп"
мемлекеттік мекемесі
АШЫҚ САБАҚ
8-сынып
Тақырыбы:
" Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері"
Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі
Жанагуль Толеуовна Аубакирова
Малайсары
25.04.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері
Мақсаты: Компьютерлік желілер туралы ұғым қалыптастыру, интернет ресурстарын қолдана білуге үйреті
Білімдік Интернет желісімен таныстыру. Интернеттің мүмкіндіктерін және түрлерін түсіндіріп, оларды пайдалануды үйрету. Ақпараттық іздестіру порталдарымен таныстыру. Интернетте ақпаратты іздеуді үйрету. Интернетті қолдануды практикада пайдалануды дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық - Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.
Тәрбиелік - жауапкершілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілік: слайдтар, компьютер, проектор
Жұмыс түрлері: Жаңа материалдарды түсіндіру, презентацияларды демонстрациялау, тапсырмалармен компьютерлік жұмыс.
Сабақтың жоспары:
-
Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (2 минут).
-
Үй жұмысын тексеру
-
Жаңа материалды түсіндіру. (15 минут).
-
Жаңа материалды бекіту. (2 минут).
-
Копмьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).
-
Рефлексия . (3 минут).
-
Бағалау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Шеңберге тұрып сұрақтарға жауап беріп сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып амандасады. Топқа кампиттер арқылы оқушыларды бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру: Доп лақтыру әдісі арқылы үй жұмысын сұрау ( Оқушыларға сұрақ қоямын олар, ақиқат немесе жалған деп жауап беру керек)
3. Жаңа материалды түсіндіру. (10 минут).
1 топ постер ( интернет қызметтері)
2 топ постер( интернет ресурстары)
Сергіту сәті
4. Бекіту сұрақтары.
Информатикалық диктант
1. Провайдер- Интернетке қосатын және оған қол жеткізу мүмкіндігін беретін ұйым (компания), Логин- сайтқа рұқса алу үшін қолданушы өзі ойлап тапқан пайдаланушыны аты. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Модем - бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы аудармашыдай. ҚР Білім және ғылым министрлігі - www.edu.gov.kz. Білім берудің ақпараттық ресурстары - ақпараттың кез келген түрі немесе оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнімдері. Электрондық пошта немесе e-mail, Интернеттің барлық желісінде ашық. Ол адамдарға файлдарды барлық әлем бойынша тез жөнелтуге мүмкіндік береді.
Тест
1.Интернет идеялары қай жылы туындады
А. 1969ж Ә. 1973ж Б. 1957ж В. 1945ж
2. URL - адрес деген не?
А. сіздің мекен жайыңыз Ә. веб-құжаттың интернеттегі бірегей мекен-жайы
Б. арнайы бағдарлама В. компьютердің мекен-жайы
3. URL - адрестің қызылмен жазылған бөлігін ата: WWW.dom2.ru
А. құжатты жеткізу протоколы Ә. веб-беттің атауы
Б. веб-беттің үйшігі В. интернет қызметі
4. Қандай қызмет саласында ARPANET желісі ұйымдастырлыған?
А. білім саласында Ә. әскери қызметте
Б. саудада В. спорт саласында
5. Электронды пошта дегеніміз не?
А. компьютердегі ақпарат Ә. дүниежүзілік торап Б. телефон жүйесі В.
тапсырыс беру
6. Интернет қай елде пайда болды?
А. Жапонияда Ә. АҚШ - та Б. Англияда В. Австрияда
7. Интернетті пайдаланатындар нені іздейді?
А. сабақ Ә. ақпарат Б. хаттама В. зерттеулер
8. Интернет қызмет түрлеріне нелер жатады?
А. байланыс түрін қалыптастыру
Ә. жаңалықтар жинау
Б. тұтынушылармен танысу
В. ұшақ, пойыз, спорт жарыстарына билеттеріне тапсырыс
9 Интернет қызмет түрлері:
А. алдын ала алу, тапсырыс беру, аудару, сатып алу
Ә. сайтқа кіру, жауап күту
Б. сұрақ беру, жауап алу
В. ақпарат, жаңалық жинау
10. Интернет қызметтерін ұсынатын компания:
А. модем Ә. дүкен Б. провайдер В. сайттар
11.WWW деген не?
А. электрондық пошта Ә. бүкіләлемдік торап Б. интернет дүкен В.
телефон желісі
12. Торап сөзін аудар:
А. сеть Ә. система Б. пошта В. тарих
5. Практикалық жұмыс: Электрондық пошта құру
6. Үйге тапсырма беру: Реферат тақырыбы: "" , Компьютерлік желі тақырыбына тест құрастыру.
7. Рефлексия. Кері әсер парағы
7. БағалауОқушының
Аты-жөні
аты
Үй жұмысы
8 сұрақ 1жауапқа
1балл
Постер қорғау
жақсы 2балл
жаман 1балл
Информатикалық диктант
жақсы 2балл
жаман 1балл
Тест
жақсы 2балл
жаман 1балл
Компьютермен тапсырма 1,2,3 бітірген оқушы
2 балл
Сабақ барысында белсенділігі
1балл
Топта жұмыс жасауы.
1балл
Қорытынды баға