7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы' 8-сынып

Сабақ жоспары 'Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы' 8-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:____________________

Күні: _______________________

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Графикалық ақпарат туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттар туралы үйрету.

Білімділік: Оқушылардың мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпарат тардың графикалық объектілермен орындалатын операциялар, түс және палитра компьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жүмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

  2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

  3. Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атап шығыңдар.

  4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

  5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

  6. Архивтік файл дегеніміз не?

  7. Архивтен алу дегезініміз не?

  1. Жаңа сабақ

Мәтіндік, дыбыстық жөне графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режімде, әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясына арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде монитордың экранына жалған графика символдарынан құрастырылған қарапайым суреттерді және мәтіндерді шығаруға болады. Дыбыс өз табиғатында ауа тербелімі болып табылатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдер мен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тобының тербелісіне айналады. Бірдей, өз уақыт аралығы (0,00002с) сайын элекрт тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін - бірлік, төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине , бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады). Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.

Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық, бейне деректерді өндеуге арналған арнайы редактор - программалар бар.




Графикалық ақпарат туралы тусінш

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлінген, олардың саны монитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы, VGA типті экран үшін 16 түсті болғанда, көлденеңінен - 640; тігінен - 480 нүкте. ал 256 түсті болғанда, көлденеңінен 320; тігінен - 200 нүкте) болады. Мониторлар базалық түсінің түрлері 16 стандартгы түсті болады және ол келесідей 4 элементпен: түстің үш құраушысы: қызыл, жасыл, көк. жарыктанудың мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады. Терт құраушысының әркайсысының бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі. Мысалы, егер компьютерлерге EGA мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады. 4 битке көбейту керек: 640*350*4=112000 (байт) =110 (Кбайт).

Компьютерлік кескіндер екіге бөлінеді: РАСТРЛЫҚ кескін және ВЕКТОРЛЫҚ кескін.

Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютер жадында ұяшық сәйкес келеді. Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа енгізілетін элементтер саны экранның графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің саны сәйкес болады.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жағынан тұратын кескіндер.

Векторлық кескіндер векторлық графикалық редакторларда жасадады. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны, сонымен қатар Windows -та жұмыс істейтіндері СогеlDRAW пен Місrоgrаfx Drаw болып табылады. Жұмыс істегенде сегменттер мен аймақтардың барлық мүмкін математикалық сипаттамалары, бекітілген белгілері, бағыттаушы нүктелері және т.с.с қолданылады. Векторлық кескіндер кәсіби СоrelDRAW, Adobe illustrator, FreeHand және т.б. қосымшалары пайдаланылып өңделеді.

Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есептеулерге негізделген.

Бекіту: Тапсырма: Монитор экранының графикалық режімін тағайындаңыз.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпаратты көрсету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал