- Учителю
- Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)»
6 «б» сыныбы
Информатика пәнінің мұғалімі:
Тастанбекова Ырысай Заутбековна
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және
циклдік алгоритмдер).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік
алгоритмдер) тақырыбын түсінгендерін тексере отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс- әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен
іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек
сүйгіштікке, ұқыптылыққа және өз өмірінде алгоритм құра білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: практикалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Топтастыру, «қызығушылықты ояту», «Бас бармақ» бағалауы, Кері байланыс.
7 модульдің ықпалдастығы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту мен оқудағы көшбасшылық, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, смайликтер.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушыларды тұгендеу
3. «Шаттық көңіл-күй» сыйлау
4.Сыныпты топтарға бөл, топ мүшелерін тағайындау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ- жауап
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
-
Топпен жұмыс «Кластермен жұмыс».
ІV. Сабақты қорытындылау
1. Компьютерде практикалық жұмыс.
V. Үйге тапсырма
№3,3 пораграфты оқып келу.
VІ. Бағалау (Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша топ мүшелері өздерін бағалау).
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-
оқушылармен сәлемдесу;
-
оқушыларды түгендеу;
-
Топтастыру (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер арқылы топқа бөлу);
ІІ.Үй жұмысын тексеру. «сұрақ-жауап»
-
Алгоритм дегеніміз не?
-
Алгоритм түрлері?
-
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.
-
Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.
-
Циклдік алгоритм дегеніміз не?. Мысал келтір.
ІІІ. Практикалық сабақ
-
сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);
-
тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);
-
циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейн командалардың қайталануы).
Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез келген алгоритмді практикалық түрде орындауға мүмкіндік береді.
1.Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы, тал егу алгоритмі
-
қолға күректі аламыз
-
жерді қазамыз
-
жерге су құйямыз
-
талды жерге орналастырамыз
Басы
Қолға күректі алу
Талды орналастырамыз
Жерге су құйамыз
Жерді қазу
Соңы
(1-сурет).
Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, бұл жерде командалар белгілі реттілікпен орындалады.
(1 сурет)
2. Тармақталған алгоритм - бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.
Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок-схемасын қарастырайық.
Мысалы: Егер < жауын басылса > онда (толық емес түрі)
Қолшатырды жабамыз
Тармақталу соңы
Мысалы:
Егер жауын басылса онда (толық түрі)
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Тармақталу соңы
Өз өмірлеріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба?
Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?
Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табылады. Егер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады.
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады.
Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.
3.Циклдік алгоритм - бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады.
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады.
Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады.
Мысалы, ертeгі Күнекей
-
Қызды кездестірді.
-
Туфлиді кигізу
-
Сәйкес келді ме?
-
Ия - Күнекей табылды
-
Жоқ - Қайта Күнекейді іздеу
-
Соңы
Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу
ІV. Сабақты қорытындылау
Компьютерде практикалық жұмыс
-
Paint графикалық редакторын ашу
-
Блок-схема сызу арқылы, мысалдар келтіру
-
Құжатты сақтау
V. Үй жұмысы. Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер). Мысалдар келтіру.
VI. Оқушыларды бағалау.
Компьютерде практикалық жұмыс
-
Paint графикалық редакторын ашу
-
Блок-схема сызу арқылы, сызықтық алгоритм
-
«Үй тапсырмасын орындау» алгоритмі
Басы
Күнделікті алу күр
Үй тапсырмасын орындау
Үй тапсырмасын анықтау
Тиісті бетін ашу
Соңы
Блок-схема сызу арқылы, Тармақталған алгоритм
-
«Аққала жасау»
Басы
Далада қар жауып тұрса
Аққала жасаймыз
Соңы
Аққала жасамаймыз
Блок-схема сызу арқылы, Циклдік алгоритм
-
«5 айналым жүгіру»
Басы
5 айналым жүгіру
Соңы
2000 метр жүгірілді ме?
Иә
Жоқ